11 сентября 2020
Қазақстан
Қазақстанда демалыс күндері күн жылып, өткінші жаңбыр жауады
12-14 қыркүйек күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жылы болып, өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
«Үш күн ішінде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды, солтүстік-батыс циклон әсер ететін болады. Алайда кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады», - деп хабарлайды синоптиктер.
Тек елдің шығысында жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең кей жерлерде аяз бен тұман байқалады.