Жамбыл облысында агродрондар жиналады
UNICROP компаниясы Жамбыл облысында агродрондарды құрастыру кәсіпорнын іске қосты. Өндіріс жылына 500-1000 агродрон жинауға арналған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2025 жылы компания 50 - 60 дрон, ал 2026 жылы кемінде 150 дана техника сатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда өрістерді өңдеу бойынша қызметтер спектрі кеңейтілетін болады. Қызылорда және Түркістан облыстарының дилерлерімен келіссөздер жүргізілуде», - деп ведомствода хабарлады.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, кәсіпорын агродрон ұшқыштарын оқытуды ұйымдастырады.
Дрондар фермерлер мен ауылшаруашылық кәсіпорындарын дәлме-дәл егіншіліктің озық шешімдерімен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады, соның ішінде дақылдарды тиімді бүрку, тыңайтқыштарды енгізу, мультиспектрлі камераларды пайдалана отырып, өсімдіктердің жағдайын бақылау.
Агродрондарды пайдалану суды, тыңайтқыштарды және жанар-жағармай материалдарын үнемдеуге, дақылдардың өнімділігін арттыруға, механикаландыру мен қол еңбегінің шығындарын азайтуға, топырақтың тығыздалуын және өсімдіктердің зақымдануын азайтуға мүмкіндік береді.