AgriTek/FarmTek Astana’2026 көрмесі 10-12 наурызда өтеді
AgriTek/FarmTek Astana'2026 ауыл шаруашылығының халықаралық мамандандырылған көрмесі 2026 жылғы 10-12 наурыз аралығында Астанада 21-ші рет өтеді. Көрмені TNT EXPO компаниясы ұйымдастырады.
AgriTek/FarmTek Astana дәстүрлі түрде көктемде өткізіледі және Қазақстандағы маңызды ауыл шаруашылығы іс-шараларының бірі болып табылады. Көрме заманауи мамандандырылған EXPO Халықаралық көрме орталығында өтеді, онда ауданы 11 мың шаршы метр зал мен сыртқы алаңда орналасады.
Көрме UFI Approved Event мәртебесіне ие болды, бұл оқиғаның жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, оның бизнесті дамытуға және саланы қалыптастыруға әсерін көрсетеді, сондай-ақ статистиканың дұрыстығын растайды. AgriTek/FarmTekAstana-2025 көрмесінде 10 елден 235 экспонент өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды.
AgriTek/FarmTek Astana’2026 көрмесінің тақырыбы - ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, қосалқы бөлшектер, суару және тыңайтқыш технологиялары, тұқымдар мен көшеттер, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялар, мал азығы, ветеринариялық технологиялар және т. б.
Көрмеге жыл сайын 5 мыңнан астам фермерлер мен басқа да ауыл шаруашылығы қызметкерлері келеді.
Көрме аясында ауыл шаруашылығының түрлі мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.
AgriTek/FarmTek Astana ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Астана әкімдігінің, Қазақстан құс өсірушілер одағының ресми қолдауымен тұрақты түрде өтуде. Ресми серіктес - ҚазАгроҚаржы.
Көрме туралы толығырақ ақпарат алу үшін «TNT EXPO» ЖШС-не хабарласыңыз:
- Телефон: + 727 344 0063
- E-mail: agri@tntexpo.kz
- Web: www.agriastana.kz
- а/я 186, Бөгенбай батыр көшесі 134, Алматы, Қазақстан Республикасы, 050000