12:51 Қазақстан

Роман Скляр президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Роман Скляр мемлекет басшысының жарлығымен ҚР президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ол премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Осы уақытқа дейін президент әкімшілігін басқарған Айбек Дадебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Роман Скляр 2019 жылдан 2022 жылға дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды, 2022 жылдың қаңтарында премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметте ол өнеркәсіп, энергетика, көлік, инфрақұрылымдық даму, құрылыс және ТҮКШ салаларына жетекшілік етті.