Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінде хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының соңында Ербол Тасжүреков ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен кеткені белгілі болды. Ауыл шаруашылығы министрлігінде оның басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен кеткенін хабарлады.
Ербол Қуанышұлы Тасжүреков 1979 жылы 25 маусымда Тараз қаласында дүниеге келген. Әр жылдары ол Ұлттық экономика министрлігінде, Инвестициялар комитетінде қызмет атқарды, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ «ҚазАгро» холдингі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ құрылымдарында жұмыс істеді. 2023 жылдың ақпан айынан бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.