Қазақстан Арменияға шошқа етін экспорттауды екі есеге арттырды
Коронавирус пандемиясына қарамастан, Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,3% - ға өсіп, 8 айда $8,7 млн-ға жетті, ал былтырғы жылы тауар айналымы $7 млн болған еді. Бұл туралы QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы хабарлайды.
Орталықтың ақпараты бойынша, аталған кезеңде Қазақстаннан шығарылған экспорт 68,7% - ға өсіп, $4,5 млн құрады, атап айтқанда, ҚР-дан шошқа етін жеткізу 94,4% - ға көбейді немесе $301,2 мыңға ($319,0-дан $620,2 мыңға дейін) артты.
Сонымен қатар, биыл Арменияға жануарларды азықтандыруға арналған өнімдерді экспорттау толығымен тоқтатылды. Бұл өнімдер 2019 жылдың 8 айында $181,6 мың болған еді, тірі ірі қара малды сату 20,5% - ға немесе 93,5 мың долларға (456 доллардан 362,6 мың долларға дейін) азайды.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстаннан мал экспорттауға салынған тыйым мерзімін ұзарту керек
Қазақстаннан Арменияға экспортталатын негізгі тауарлардың бірі - кондитерлік өнімдер (ақ шоколадттар да бар)- $103,3 мың (2,3%), шоколад және какао қосылған өзге де дайын тамақ өнімдері - $49,3 мың (1,1%) болып табылады.
QazTrade мәліметтері бойынша, 2020 жылғы қаңтар-тамыз айларында Армениядан импорт 3,2% - ға, яғни $4,2 млн-ға дейін азайды. Атап айтқанда, құрамында какао бар шоколад пен басқа да дайын тамақ өнімдерін жеткізу 96,2% - ға немесе $52 мыңға ($54-тен $2-ге дейін) қысқарды.
Армениядан Қазақстанға әкелінетін импорттық тауарлардың қатарына күшті спирттік ішімдіктер кіреді - $1,6 млн (38,5% үлесімен), жеміс және көкөніс шырындары - $124 мың (3%) болады.