Қазақстан ШЫҰ елдеріне ет, сүт және жем экспортын ұлғайтуға дайын
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің бесінші кездесуінде болды. Онда министр Қазақстан пандемияға қарамастан, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді биылғы жылдың басынан бастап 5% -ға арттырғанын және серіктес елдердің нарықтарына бірқатар тауарлардың экспортын арттыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
С.Омаров мәлімдегендей, әлемде орын алған эпидемиологиялық және экономикалық қиын жағдайға қарамастан, Қазақстан үкіметі пандемияның ауыл шаруашылығының дамуына әсерін барынша азайтуға тырысты. Биылғы жылдың алғашқы 9 айындағы уақтылы қолдау шаралары мен фермерлерге қаржылай көмектің бірнеше есеге артуының арқасында аталған сала 5% артты. Бұл тек өз еліміздің тұрғындарын ғана емес, көрші елдердің халқына да үздіксіз тамақ өнімдерімен жіберіп, қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Карантиндік шаралар кезеңінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің нарықтарына азық-түлік экспорты 1,3 миллиард долларды құрады, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.
Тақырыпқа байланысты оқу:: Беларусия Қазақстанға сиыр етін әкелуді екі есеге арттырды
Министрдің хабарлауынша, COVID-19 індетінің екінші толқыны болған жағдайда Қазақстан көрші елдердің сұранысын ескере отырып, ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік өндірісін ұлғайтуға ниетті. Осылайша, Қазақстан үкіметі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге астық, майлы дақылдар, ет, сүт және жемшөп дақылдарының экспортын арттыруға дайын. Алайда, бұл мәселені біраз реттеу қажет.
«Пандемия жағдайында біз сауда жасаудағы кедергілерді жою мәселелерін шешуге басты назар аударымыз керек. Осыған байланысты мен халықаралық нарықта ынтымақтастық орнатуда ШЫҰ рөлінің маңыздылығын атап өткім келеді», - деді Сапархан Омаров.
Осы жағдайға байланысты қазақстандық тарап ШЫҰ елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді және экспорттауды жоспарлау бойынша өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-да Қытайға азық-түлік өнімдерін экспорттауға нұсқау берілуде
Өзекті мәселелерді талқылағаннан кейін, отырысқа қатысушылар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтері арасындағы 2010 жылғы 11 маусымда Ташкент қаласында қол қойылған ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі 2021–2025 жылдарға арналған бекітілген іс-қимыл жоспарын қабылдады. Бұл құжатқа сәйкес, тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылды әр түрлі перспективалық бағыттарда дамытады. Атап айтқанда ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік тауарлары саудасын кеңейту, агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция салу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бірлескен зерттеулер мен академиялық алмасулар жүргізу, агро инновацияларды енгізу, көрме мен жәрмеңкелер өткізу шаралары.
Сонымен қатар, делегациялардың басшылары 2018 жылы 12 қазанда Душанбе қаласында қол қойылған ШЫҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне ортақ көзқарас пен талаптарды сақтап, жетілдіру, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ахуал туралы ақпарат алмасуды жүзеге асыру, осы тақырып бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, соның ішінде тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттыру жоспарлануда.
Қытай тарапының агроөнеркәсіптік технологиялармен алмасу және оқыту үшін ШЫҰ-ның демонстрациялық базасын құру туралы бастамасын қолдады.
Баспасөз қызметінде хабарланғандай, бейнеконференция режимінде өткен отырысқа Үндістан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның тиісті ведомстволарының басшылары, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Ш.Джонон және БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы Бас директорының орынбасары, Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық өкілі В.Рахманин қатысты.