В 2019 г. доля АПК в товарообороте между Россией и Казахстаном достигла 11%
2019 жылы Ресей мен Қазақстан арасындағы АӨК-тегі тауар айналымы шамамен $ 2,2 млрд.долларға жетті, ал оның екі ел арасындағы тауар айналымындағы үлесі 11% - ды құрады. Бұл туралы Қазақстандағы РФ-тың сауда өкілі Максим КочетковAgriTek/FarmTek Astana 2020 XV Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінде айтты.
«2019 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы факторларға қарамастан, Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы оң үрдісті көрсетіп, $19,6 млрд құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8% - ға артық. Осы аталған тауар айналымның 11% - дан астамы АӨК-ке тиесілі. Қазақстан тарапынан бұл көрсеткіш 8% — ға, ал Ресей тарапынан — 17,5% - ға артты», - деп атап өтті Максим Кочетков.
Өткізіліп жатқан көрмеге 220 компания қатысып жатыр, оның ішінде 80 компания Ресей Федерациясынан келіп отыр, деп ойын жалғастырды ол.
«Біздің елден осы аталған көрмеге қатысушы компаниялар саны жыл сайын өсуде. Біз әр жылы экспорттық мүмкіндігіміздің көлемін кеңейтуге тырысамыз. Біз бірлескен кәсіпорындарымыздың өндірістік күшін арттырамыз. Шығаратын өнімдер мен қызмет түрлерінің деңгейін және сапасын жақсартып отырамыз. Бұл сіздер мен біздің ортақ еңбегіміздің жемісі. Тағы да назар аударғым келетін жағдай, көрмені толығымен аралап, барлық әріптестеріммен сөйлесіп көргеннен соң, түйген ойым: барлығымыз да, Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары да, ұйымдастырушылар да ғылыми жетістіктерге, ғылыми-техникалық жаңалықтарға назар аудара бастағаны қуантады.