Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы алқаптарының электрондық картасы жасалуда
Қарағанды облысында егістік алқаптары толықтай электрондық карта жүйесіне көшірілді. Фермерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін барлық ауыл шаруашылығы алқаптары жүз пайыз цифрландырылатын болады. Сондай-ақ, геоақпараттық портал құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Облыста ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыру жүріп жатыр. Бүгінгі күні егістіктер мен көпжылдық екпе ағаштардың электрондық карталары толық жасалды. 11 млн га жайылым, 176,3 мың га шабындық жерлер цифрландырылды», - деп хабарлады әкімдіктің аппараттық кеңесінде Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апакашов.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында нақты егіншілік әдістері енгізілуде. Аталған жұмыс бойынша «Шахтёрское» және «Найдоровское» кәсіпорындары табысты цифрлы фермалардың үлгісін көрсетті. Осы тәжірибені одан әрі дамыту үшін өңірде 28 шаруашылық қолға алынатын болады.
Аталған аймақтағы мал шаруашылығында алғашқы смарт-фермалар пайда болды, онда көптеген өндірістік процестер автоматтандырылған. Цифрлық технологиялар құс фабрикалары мен қайта өңдейтін кәсіпорындарында да енгізілді.
Жер қатынастары саласын толығымен цифрлық форматқа көшіру жоспарланған, осы мақсатта геоақпараттық портал құрылуда. Жұмыстың бұл түрі Мемлекеттік қызметтерді барынша ашық етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Порталда барлық бос жер телімдері орналастырылады. Сонымен қатар, кеңес барысында цифрландыру үдерістері ауылдарда әлсіз интернетті және IT-мамандардың жетіспеушілігін тежеп отырғаны атап өтілді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда бір жыл ішінде пайдаланылмаған жайылымдық жерлер үкіметке кері қайтарылатын болады
«Цифрландыруға байланысты көптеген мәселелер және онымен байланысты заманауи технологиялар фермерлер үшін жаңалық болып қала береді. Техникалық жабдықтар мен кадрларға қатысты мәселе жеткілікті. Әсіресе, интернет орнатылған, алайда байланыс алыс жерлер мен қыстауларға жетпейді», - деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.
Ол ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары басқармаларына аталған проблемаларды шешу жөнінде тапсырма берді. Жергілікті жерлерде барлық ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрлауды аяқтау қажет.