АШМ фермерлердің цифрлық технологияларды қолдану тиімділігін есептеді
Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу әдісі экономикалық тұрғыда тиімді екендігін көрсетті. Өсімдік шаруашылығында өнімділік орташа есеппен 10% -ға артады, ал қаражатты үнемдеу-5-10% мөлшерінде болады. Мал шаруашылығында қаражаттың орташа үнемделуі 15-20% - ды құрайды, өлім-жітім төмендеп, мал басы 15 және 10% - ға өседі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.
Қазақстанда қазіргі заманғы смарт-жүйелерді пайдаланудың оң әсері байқалуда. Нақты егіншілікте жаңа технологияларды қолдана отырып, пилоттық жобаларда агрономия саласында 20% - ға дейін көбірек өнім алды, бұл ретте фермердің шығындары 15% - дан астамға қысқарды.
Қазіргі заманғы жабдықтарды қолдану сүт сауудың 20% - дан астамға артуына да әсер етті, бұзау шығымы 25% - ға қысқарады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша, АӨК-ті толықтай цифрландыру арқылы бес жыл ішінде жалпы өнім мөлшерін 20% – ға, еңбек өнімділігін 50% - ға арттыруға қол жеткізуге болады.
Сондай - ақ, Сапархан Омаров Қазақстан- «Ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру» ақпараттық жүйесіне енгізе отырып, малдарды есепке алудың бірыңғай жүйесін пайдаланатын ЕАЭО елдері арасындағы алғашқы ел екенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда жүйеде 35 млн-нан астам ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген.
«Жүйенің дамуын ескере отырып, қазіргі қолданылып жүрген НҚА-ға өзгерістер енгізіледі. Ветеринариялық паспорттарды электрондық түрде беру туралы ереже заңды түрде бекітілетін болады. Бұл норма ветеринариялық паспорттарды беруді жеңілдетеді және алуды тездетеді, мемлекеттік шығындарды айтарлықтай үнемдейді», - деді министр.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда электронды ветеринарлық төлқұжат енгізіледі
Сонымен қатар, қазақстандық фермерлер және ішкі және сыртқы сауда қатысушылары мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ электрондық құжаттарды алуға мүмкіндігі бар.
Жалпы, АШМ мәліметінше, өсімдік шаруашылығында барлық 11 рұқсат құжат цифрландырылған. Мал шаруашылығы саласында 12 рұқсат беру құжатының 10-ы электрондық форматқа ауыстырылды. Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу, дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу және микрокредиттерге кепілдік беру жөніндегі комиссияның жұмысы 100% - ға автоматтандырылды.
Сондай-ақ, барлық 16 бағыт бойынша 100 пайыз субсидия беру жұмысы автоматтандырылған, оның ішінде 7 - өсімдік шаруашылығында, 4 -мал шаруашылығы бағытында және 5 - қаржы саласында.