ҚР тұқым өсірушілері Ресейлік сұрыптар үшін роялти төлеуге мәжбүр болады
Омбы аграрлық ғылыми орталығы (ОАҒО) Қазақстандағы өз өкілдігі арқылы ресейлік селекцияның сұрыптарын пайдаланған және сатқан тұқым өсіру шаруашылықтарынан роялти жинауды бастауды ойластыруда.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы тұқым сататын ірі ТОП-50 компания
Омск ғалымдарының өкілдері ҚР Ауыл шаруашылығының өңірлік басқармаларына хабарласып, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде ОАҒО-ның өсірген сұлы, арпа, жұмсақ және қатты бидай тұқымдарын пайдаланатын тұқым өсіру шаруашылықтары туралы ақпарат беруді сұрап жүгінді. Көрсетілген тізімде барлығы 19 тұқым атауы бар, оның ішінде: «Уран» сұлысы, «Омбы 95» арпасы, «Мелодия» жұмсақ бидайы, «Сібір маржаны» қатты бидайы бар.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан тұқым саласында 60% Ресейге тәуелді
Керекті ақпаратты алған ОАҒО өкілдері шаруашылықтарға сотқа дейінгі реттеу тәртібі бойынша роялти төлеу туралы ұсыныс айтып жүгінеді. Мысалы, 2017 жылдан бастап «Омская 35» бидайын пайдаланатын Ақмола облысының тұқым шаруашылықтарының бірі 4 млн 950 мың теңге төлеуге тиіс екендігі туралы хат алды. Аталған талап орындалмаған жағдайда сот талқылауы басталады.
Тақырыпқа байланысты оқу: KAZSEEDS АҚШ-та Қазақстан үшін тұқым өсіруде
«ҚР-дың Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңының 15-бабының 3 - тармағына сәйкес, патент иеленушінің құқығын бұзған тұлға патент иеленушіге селекциялық жетістікті пайдаланғаны үшін өтемақы төлеуге, сондай-ақ заңды бұзғаны үшін басқа да залалдарды өтеуге міндетт», - деп түсіндірді ОАҒО өкілі. Осылайша, Қазақстанның төл селекциялық ғылыми орталықтарын дамыту және қолдау қажеттігі тағы да айқын болып отыр.