2021 жылдың наурыз айына дейін «ҚазАгро» мен «Бәйтерек» холдингтері біріктіріледі
«ҚазАгро» мен «Бәйтерек» холдингтерін 2021 жылдың наурыз айына дейін біріктіру жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Сол мерзімнен бастап, кәсіпорындағы барлық қызмет түрлері мен салалық тәжірибе, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен қолдау тәсілдері жүзеге асырылып, бір институтты дамыту стратегиясы жасалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып мәлімдеді.
Үкімет басшысының хабарлауынша, холдингтерді біріктіру кезінде Аграрлық несиелік корпорация «Бәйтерек» ҰБХ құрамындағы жеке еншілес компания мәртебесі беріледі. Сонымен бірге, оның негізгі қызметтеріне микробизнесті тікелей несиелеу және өсімдік шаруашылығын сақтандыру шаралары кіретін болады.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының (АШҚҚҚ) несиеге кепілдік беру қызметі екі компания біріккеннен кейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына беріледі.
Жалпы алғанда холдингттер қосылған соң, жаңа стратегиясы аясында бірінші кезекте экономиканы дамытудағы мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруг болады және міндеттер жаңартылатын болады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Мажіліс депутаттары Бәйтерек пен Қаз Агроны біріктіруді ашық, жария түрде жасауды талап етуде
Асқар Мамин мәлімдегендей, қазыргы таңда «Бәйтерек» ҰБХ-ның жалпы несие көлемі 3 847,3 млрд теңгені құрайтындығын, оның ішінде проблемалық активтер (90 күн ішінде мерзімі өткен берешек) - 205,9 млрд теңге немесе 5,4% болып тұр. «ҚазАгро» қарызы 1 083 млрд теңгеге жетсе, проблемалы активтері - 101,5 млрд теңгеге немесе 9,4% жетеді.
Аграрлық несие корпорациясының несие портфелі 600,3 млрд теңгені құрайды (проблемалық активтері - 41,6 млрд теңге немесе 6,9%); ҚазАгроҚаржы - 305,8 млрд теңге (проблемалық активтері - 47,1 млрд теңге немесе 15,4%); Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры - 176,7 млрд теңге (проблемалық активтері - 12,7 млрд теңге немесе 7,2%) болды.