Петропавлда көтерме сауда орталығы ашылды
Петропавлда заманауи көтерме сауда орталығы ашылып, жұмыс істей бастады. Мұнда азық-түлік өнімдері бір жерге жинастырылып, сақталады, сұрыпталады және сатылады, Аталған кешен Солтүстік Қазақстан облысында алғаш ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
КСО құрылысына 1,9 миллиард теңге қаражат жұмсалды. Кешенде 2 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы және 10 мың тоннаға арналған сақтау қоймалары бар. Жаңа нысан 60 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Аталған кешенде өнімдерді ұзақ сақтау үшін температура мен ылғалды реттейтін құралдар орнатылған. Енді кәсіпкерлерге тауарлары жарамсыз болып қалады деп уайымдауларына болады.
Әкімдікте атап өткендей, мұндай заманауи орталықтың ашылуы кәсіпкерлер мен фермерлер үшін өте қолайлы.
Тақырыпқа байланысты оқу: Мәжіліс депутаттары көтерме сауда орталықтарын ашудың тиімділігіне күмәнмен қарауда
«Жаңа көтерме сауда орталығында эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық талаптары сақталған, бұл жағдай әртүрлі өңірден әкелінетін тамақ өнімдеріне бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, КСО-ны ашу ұсақ көтерме саудагерлерді және сатушыларды сауда тізбегінен шығарып, пайдадан қағылуға әкеледі және бизнестегі шығындарды азайтады. Аймаққа келетін өнімдердің салықтық есебі ашық та жария түрде жүргізілетін болады», - деді Құмар Ақсақалов КСО ашылу салтанатында.