04 марта 2021 Қазақстан

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жаһандық рейтинг қатарында жоғары көтерілді

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан The Economist Intelligence Unit-тің ғаламдық рейтингінде азық-түлік қауіпсіздігінен 113-тен 32-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 16 орынға көтерілгенін білдіреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

The Economist Intelligence Unit-тің бағалауы бойынша, Қазақстан 2020 жылғы рейтингте өз орнын жақсартып, айтарлықтай оң өзгерістер бар елге айналды. Бұл сараптамада халықтың тамақ өнімдеріне, азық-түлікке деген қол жетімділігі, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі сияқты көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалғаны атап өтілді.

The Economist Intelligence Unit мәліметі бойынша бағаланған факторлар тізімінде агроөнеркәсіптік кешендегі өндірістің тұрақтылығы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әлеуметтік бағдарламалардың қол жетімділігі және кедейшілік жағдайындағы халық үлесінің аздығы атап өтеді.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстандықтар табыстарының жартысын азық-түлікке жұмсайды

Сондай-ақ,көрсеткіштердің қатарына нарықтағы және агроөнеркәсіптік сектордағы қаржылық қызметтердің қол жетімділігі, ұсыныстың болуы, микроэлементтер, ақуыз сапасы, азық-түлік қауіпсіздігі, азық-түлік тауарларына импорттық тарифтердің төмендігі, өндіріс пен сату шығындары ескеріледі.

Ауыл шаруашылық инфрақұрылымы, агроөнеркәсіптік кешендегі ғылыми зерттеулердің жақсарғандығы атап өтілді.