АӨК-ті дамытудың бес жылдық ұлттық жобасына 4,9 трлн теңге бөлінеді
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың ұлттық жобасын сарапшылармен бірлесіп талқылап, дайындады. Аталған жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Ұлттық жобаны мақұлдауға қатысты Үкімет қаулысына АШМ-нің түсіндірмесінде оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 4,9 трлн теңге көлемінде шығын кететіні көрсетілген. Қаржыландыру көлемі: 2021 жылға - 637,1 млрд.теңге, 2022 жылға - 970,5 млрд.теңге, 2023 - 1 035,1 млрд.теңге, 2024 - 1 115,1 млрд.теңге, 2025 - 1 151, 2 млрд.теңгені құрайды.
Республикалық бюджеттен АӨК-ті цифрландыруға 43,3 млрд теңге, 2022 жылдан бастап, 5 жыл ішінде техникалық және технологиялық жабдықтарға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр.
Бес жыл ішінде сапалы тұқымдарды пайдалануды арттыру үшін 108,6 млрд теңге, минералды тыңайтқыштарға 180 млрд теңге бөлінеді.
Мал шаруашылығын дамытуға 2,2 трлн теңге инвестиция салу жоспарланып отыр, оның 754,2 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен және 1,5 трлн-ға жуығы бюджеттен тыс басқа қорлардан түседі. Бес жыл ішінде ветеринарияны нығайтуға және дамытуға 163,3 млрд.теңге жұмсалады.
Тақырыпқа байланысты оқу: АШМ биыл бизнеске қарсы міндеттемелер енгізе бастайды
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есе, агроөнеркәсіптік кешендегі өімдердің экспорты 2 есе өседі деп болжануда.
Экожүйеге 350 мың фермер мен жеке шаруашылық қатысатын болады, сонымен қатар алдағы уақытта 70 мың отбасылық ферма құру жоспарлануда.
Бұл жобаларды іске асыру ішкі нарықты азық-түлік өнімдерімен 80% қанықтыруға және 1 млн-нан астам ауыл тұрғындарын тұрақты түрде кіріспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында 500 мыңға дейін адам жұмыспен қамтылатын болады.