Қостанайлық кәсіпкерлерге ақылы фитоэсараптама заңсыз түрде енгізілді
Қостанай облысындағы АӨК саласындағы Мемлекеттік инспекция комитеті басшысының бұйрығымен кәсіпкерлерді ақылы түрде фитосанитарлық сараптамадан өтуге міндеттеген. Белгілі болғандай, аталған сараптаманы кез-келген адамның өтуі қажет емес, алайда оны тегін тапсыру мүмкіндігі болғандығы туралы кәсіпкерлерге хабарланбаған. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеткізді.
Қостанай облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау кеңесінде заңсыз фитосанитарлық сараптама мәселесі талқыланды.
«Фитосанитарлық сараптамадан өту керектігі жайлы кәсіпкерлерге заңсыз міндеттемелер жүктеу фактілері анықталды. Инспекция басшысы бұйрық шығарған, ол барлық құрылымдық бөлімшелерге ағаш өнімдерін экспорттауда сертификаттар беру кезінде «Фитосанитарлық» РМК-да сараптама жүргізу тапсырылған, бұл заңға қайшы келеді. Одан кейін де инспекция қызметкерлері астықты, ұнды, жемістерді, көкөністерді және т.б. экспорттайтын басқа да кәсіпкерлерді сараптамадан өтуге міндеттеген», - деді Қостанай облыстық прокуратурасының аға прокуроры Талғат Аханов.
Тақырыпқа байланысты оқу: АШМ күнбағыс тұқымына квота алуды жоспарлауда
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы инспекторлардың «Фитосанитарлық» РМК-ға өзінің жеке зертханасы болғанына қарамастан кәсіпкерлерді жібергендігін, сол сараптама ақысыз жүргізілетіндігін атап айтты. Мұндай мүмкіндік туралы кәсіпкерлерге ешкім айтпаған. Нәтижесінде тек 2020 жылы инспекция қызметкерлерінің нұсқауы бойынша жеке зертханада 15 мыңнан астам сараптама жүргізілген.
«Өсімдік өнімдеріне бақылау жасауға ешкім де қарсы емес, бірақ ол қатаң түрде заңға сәйкес жүргізілуі керек. ҚР Президентінің кәсіпкерлікке заңсыз араласу ауыр қылмыс ретінде қарастырылуы керек деген сөзін еске салуға рұқсат етіңіздер», - деді Қостанай облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Владимир Шакун.
Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Нұржан Шалов бұл іс әлі аяқталған жоқ дейді. Егер облыстық прокуратура материалдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберсе, аумақтық инспекция лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық істері тексерілетін болады.