Сауда министрлігі азық-түлікті форвардтық тәсілмен сатып алуды кеңейтуді ұсынады
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі қаңтар-сәуір айында өткен жылмен салыстырғанда баяу болды, бірақ бәрібір жоғары деңгейде қалып отыр - 4,8% (2020 жылдың 4 айында - 5,5%). Тек сәуірде өнімдер 1,7%-ға қымбаттады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
«Бүкіл тағамдардың арасында ең көбі импортқа тәуелді өнімдер (қант, қарақұмық), экспортқа сұранысы жоғары тауарлар (күнбағыс майы), сондай-ақ маусымға байланысты әдеттегідей көкөністер қымбаттады», - деді министрлік басшысы. Сауда министрлігінің көкөніс қорының азаюы олардың импортын ұлғайтуға әкелгенін атап өтті.
Сонымен бірге, Сауда министрлігінің мәліметінше, көрші Ресеймен салыстырғанда, Қазақстанда азық-түлік тауарларының қымбаттауы 2-3 есе төмен.
Бақыт Сұлтанов ҚР Жол картасын іске асыру аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шаралары қабылданғанын айтты. Атап айтқанда, жұмыртқа мен күнбағыс майына шекті бағалар енгізілді, тұрақтандыру қорларында 7,1 млрд.теңгеге 57,2 мың тонна азық-түлік жинастырылған. «Кері айналым сызбасы» аясында жеңілдетілген несие беруге 27,8 млрд. теңге бөлінді, жақын арада тағы 4 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 3,7 млрд.теңге сомасына 36,3 мың тонна өнімді форвардтық сатып алуға келісімшарттар жасалды.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚазАгрЭкс импорттық тұқымға субсидия беруді тоқтатуды ұсынуда
Азық-түлік бағасының өсуін одан әрі тежеу үшін Бақыт Сұлтанов Премьер-Министрге әкімдіктерге форвардтық сатып алуларды 10 млрд теңгеге (100 мың тонна) дейін кеңейтуді және «айналым схемасын» 50 млрд теңгеге (500 мың тонна) дейін қаржыландыруды тапсыру туралы өтінішпен жүгінді. Бұл нарыққа жағымды әсер етеді, өйткені бағаны тұрақтандыру үшін азық-түлік қоры 600 мың тоннаға дейін артады.
Бұл қаржылық ресурстар агроөнеркәсіп саласында жұмыс істейтін өндірушілерге бүгінгі коронавирустық дағдарыс кезінде үлкен көмек болады.