03 апреля 2020 Қазақстан

Ақмола облысында 2020 жылы 4,8 млн гектар жерге егін егіледі

 2020 жылы ақмолалық жер иелері 4,8 млн гектар алқапқа егін егуді жоспарлап отыр, деп  хабарлады облыстық басқарма  ішкі істер саясатының баспасөз қызметі.

 

Облыста дәнді-бұршақты дақылдарды 4,4 млн гектар жерге, ал майлы дақылдарды 254 млн гектар алқапқа отырғызу жоспарланған. Өңірдің үнемі отырғызатын астығы жазғы бидай, ол егістің 77% жеріне себіледі.

Өңір басқармасының айтуы бойынша, қыс мезгілінде жауын шашын жеткілікті  мөлшерде жауған. Бұл алдағы егін науқанының мол болуына әсер етеді.Облыстағы барлық ауыл шаруашылығымен айналысушылардың материалдық-техникалық құралдары көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайын.

Тақырыпты оқу: Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда

Мысалы атап айтар болсақ, дәнді және майлы дақылдар өсірумен айналысатын «Киима Агро» ауыл шаруашылығы кешенінде егін егуге дайындық жұмыстары аяқталды.  Аталған шаруашылық 60% -ға дизель отынымен қамтамасыз етілген,қалған бөлігі операторға келгенде сатып алынатын болады. Себілетін тұқым мөлшері жеткілікті, қосымша 100 т бидай сатып алынды. Алынған тұқым тазаланып, тұқым зертханасында кондициялыққа талдау жүргізілді. Техниканың дайындығы 98%-ды  құрайды.7 мың га бидай, 1 мың га майлы дақылдар егілетін болады»- деді бас агроном Иван Морозов.

Аграршыларды қолдау мақсатында облыстан 68 мың т дизель отыны жеңілдікпен бөлінетін болады.

Биылғы егіс жұмыстарына 14,3 трактор, 16,1 мың  тұқым себу құралдары және 1,2 мыңдай егіске арналған техника пайдаланылады.