Қостанай облысында фермерлер үшін «жасыл дәліз» жұмыс істейді
Карантин кезінде Қостанай облысының фермерлері санитарлық талаптарды сақтай отырып өз өнімдерін тасуға мүмкіндік алды, деп жазды BossAgro.
«Өңірдегі аграршылар үшін «жасыл дәліз» жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, аграршылар өтініштерін айтып жүгіну үшін облыста арнайы орталық ұйымдастырылған. Адамдар қозғалып, ауыл шаруашылық жүктерді алып жүру үшін белгіленген санитарлық нормаларды сақтаулары тиіс. Аграршыларда бетперде, санитайзерлер, барлық қажетті құжаттар болуы керек. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы қосалқы бөлшектерге немесе жанар жағар майға бара жатқандығы туралы құжаттар расталып, жүргізушіде болуы тиіс. Көктемгі егіс жұмыстары уақытында істеліп, ешқандай мәселелер туындамауы», — деді Қостанай облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов.
Бүгінгі таңда аталған аймақта басқа облыстармен және Ресеймен шекаралас жерлерде 10 блок бекет жұмыс істеуде. Сондай-ақ облысқа кіретін жерде де санитарлық бекеттер қойылған. Ол бекеттерде жүк көліктерін тоқтатып, құжаттарды және жүргізушіні тексеріп жіберуде. Өңірдегі техника және қосалқы бөлшектерді сатумен айналысатын компания өкілдерінің айтуынша, техниканы, бөлшектерді жеткізу әдеттегі тәртіппен жүргізілуде. Зат сатып алуға келген фермерлер іссапар немесе жол парақтарын және тауардың құжаттарын алып соны көрсетіп жүреді.
Тақырыпты оқу: Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда
«Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барынша жүріп жатыр, егін егуге қажетті жанар –жағар майды керегінше жеткіземіз. Тұқым өсірумен айналысатын шаруашылықпыз, сондықтанда қорымызда тұқым жеткілікті мөлшерде бар, сатып алушылар болса, байланысуларына болады», -деп түсіндірді Алтынсарин ауданының «Зуевка» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры Александр Бородин.