Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда
Қазіргі болып жатқан дағдарыс Қазақстандағы АӨК-тің дамыған қырын және әлсіз тұстарын көрсетуде. Осындай қиын қыстау кезінде үкімет дұрыс шешім қабылдаса деп, ойлайды сарапшылар. Ал бұл жағдайдан шыққаннан кейін, саланы дамытатын дұрыс бағытта жылжуға тиіспіз деген пікірде мамандар.Аталған мәселе туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі кеңесшісі Ерболом Есенеевпен сұхбаттасқан едік.
Тақырыпты оқу: Коронавирустың әсері :АӨК үшін оның зардаптары (жаңарып тұрады)
Тыйым салу квота берумен ауыстырылды
— «Қазіргі уақытта жағдай сағат сайын өзгеріп тұр, майданнан келетін ақпарат тәрізді, деді сарапшы. Аграршыларды толғандыратын мәселе, үкіметтің тоғыз түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығаруға тыйым салуы болып тұр. Үкіметтегі жағдайды да түсінуге болады. Ең бастысы елді азықпен қамтамасыз ету. Бірақ бұл мәселе бұрын да бірнеше рет көтерілген еді, оған ешкім мән бермей келген», -деді сарапшы.
Айта кетсек, үкімет аса қажет азық –түлік түрлерін, соның ішінде ұнды сыртқа шығаруға 22 наурызда тыйым салған. Бірақ елдегі ұн өндірушілер осы мәселеге байланысты пікірлерін айтқанда, олардың сөздерінің ешқандай дәлелі жоқ деп, сынға ұшыраған еді.
Атап айтарлық жағдай, сарапшылардың ойынша біздің еліміз жылына 2 млн тонна ұн тұтынады. Биылғы жаңа егісті жинауға алты айдай уақыт қалғанын ескерсек, шамамен 1 млн тоннадай ұн керек.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, 1 наурыздағы жағдай бойынша республика элеваторларында 9,2 млн тонна астық сақтаулы тұр.Оның 6,4 млн тоннасы азық –түлік үшін, 1,5 млн тонна себуге арналған тұқым үшін, 1,3 млн тонна мал азығы үшін сақталып тұр. Аталған мәліметтерден ішкі нарықта ешқандайда ұн тапшылығы болмайтындығын аңғаруға болады.
Биылғы жағдайдағы сұранысты пайдалана отырып, отандық астық өндірушілер көршілес елдерге ұн сатуларына болар еді. Себебі былтыр Қазақстандық өндірушілер үшін соншалықты табысты жыл болмағандығын білеміз.Себебі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанға ҚР-дан өткен жылмен салыстырғанда небәрі екі есе кем (бұрын 2,8 млн тонна болса аталған жылы 1,4 млн тонна болған) ұн сатып алған.
Барлық жағдайды ескере отырып, 30 наурызда үкіметтің шешімімен ұнды шығаруға қойылған тыйым өзгертіліп, астық пен ұнға квота берілетін болды. Бидайды экспорттаудың орнына квота беріледі және белгіленген мөлшердегі бағаға отандық өндірушілер 3 және 4 сұрыпты бидайды сататын болады.
Орталық Азия елдері өз ұн өндірушілерін қолдау мақсатында, Қазақстаннан әкелінетін ұнға баж салығын енгізді. Ал ұнды сыртқа сату үшін барынша көмектеседі. Бұл жағдай біздің экспортқа ұн шығарушылар үшін бәсекелестік болып тұр. Өкінішке орай жағдай жақсы кезеңде үкімет тарапынан бұл әрекеттерге қарсы ешқандай іс-шаралар қолданылмады.Ал қазіргі қиын қыстау жағдайда осы бағытта тиісті әрекеттер жасалуда. Экономика үшін де ауыл шаруашылығы саласы үшін де экспорт тиімді болып табылады. Яғни мәселенің шешілуіне осы ауыр кезең көмектесті деуге болады.
Тақырыпты оқу: Қазақстанның ұн өндірушілері астық өндірісін үш есеге арттыра алады- Чукуев
Тұрақты сұраныс
— Ұнды экспорттаумен қатар, аталған салада басқа да өзгерістер болуда, деді Ербол Есенеев. Атап айтсақ, теңге бағамының түсуі. Бұл көктемгі егіс жұмыстарына бірден әсер етті. Дегенмен қазіргі болып жатқан жағдайдың да оңтайлы тұстары бар. Қазақстан аграрлық саласының әлеуетін, шамасын айқындап берді, деуге болады. Елдегі астық пен ұнның мөлшеріне назар аударыңыздаршы, біз мұндай астық қорымен еліміз секілді бес елді қамтамасыз ете аламыз.Сонымен бірге басқа да дәнді дақылдар, ет, жұмыртқа .... бар. Бұл аталған ауыл шаруашылық салаларын одан әрі дамытуға тиіспіз.
Тақырыпты оқу: 2020 егін егу кампаниялары жайлы
Сарапшыларымыз алдағы күндерден үміттенеді. Дағдарыс жағдайы үкімет адамдарын ауыл шаруашылығына басты назар аудартуы кере. АӨК қажеттіліктеріне құлақ асулары тиіс. Міне, осындай оймен сарапшылар алдағы уақыттан үміттенеді. Бұл жағдайда тек елді азық –түлікпен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы елдегі негізгі саланың бірі екендігін бағалай білу қажет. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша, шикізат бағасы өзгеруде, ал басқа салалардың деңгейі төмендеген кезде, тек ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы ғана экономиканың өсуін қамтамасыз ете алады.
—Осындай қиын кезде нағыз керекті құндылықтарымызды түсініп жатқандаймыз,-деді Ербол Есенеев. Біз қазіргі елдегі жағдай туралы әріптестерімізбен сөйлесіп, мынандай пікір айтудамыз:елде 10 жылдан кейін Энергетика министрлігі бола ма? Болмай ма? Оны білмейміз. Бірақ Ауыл шаруашылығы министрлігі 10 жылдан кейін де, 100 жылдан кейін де болатыны анық. Астыққа деген сұраныс әрдайым өзекті болып табылады. Астық жайлы айтар болсақ, Орта Азия елдері өздерінің ұн тарту өнеркәсібін дамытуда. Бірақ олар бізден бидай сатып ала береді. Себебі олар бидай сатып алуға мәжбүр, оларда бидай өсіретін алқап жоқ және табиғат жағдайы бидай өсіруге қолайсыз. Сондықтан да біздің АӨК Үкіметтің басты назарында болуы тиіс. Өйткені, оның мәселелерін шеше отырып, басқа саларды да дамытуға болады. Бұл мультипликативті тиімділік болып табылады: Ауыл шаруашылығын дамыта отырып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін жақсартамыз, валюталық пайда әкелеміз және жұмыс орындарын ашамыз.Тиімді тұстары өте көп.
Тақырыпты оқу: Қазақстан АӨК-і: Quo Vadis?
Әртүрлі қолжетімділік
Саланы дамыту үшін АӨК-ке қандай шаралар керек? Басты мәселе неде? Ең бастысы-қаражат қажет. Айта кетерлік жағдай, Қазақстан ауыл шаруашылығы саласына қаражат жетіспейді Атап өтер болсақ, Қазақстан аграршылары үшін қаржылай көмек керек, ал субсидиялар жылдан жылға көшіріліп отырады.Статистика бойынша елімізде 200 мың әртүрлі аграршы бар, 2019 жылы берілетін көмекті немесе қаражатты тек 56 мың өндіруші ғана пайдаланды. Яғни төрттен бірінің ғана қолы жетті. Ал қалғандары үшін бұл мүмкін емес, себебі жұмыс істейтін, ақша бөлінетін жүйе өте қиын. Арада «КазАгро» холдингі бар. Оның тағы басқа компаниялары, банктері және қорлары бар. Осылай кете береді. Оның шет, шегі жоқ. Әр жерден түсетін, алып қалатын ақша тағы бар. Осылайша несие алуда мүмкін емес. Тағы бір үлкен кедергі-кепілдікке қойылатын мүліктің бағасы өте төмен болады.
— Қараңыздар, мысалы «ҚазАгроҚаржыда» ең арзан деген (және сапалы емес болуы да мүмкін) комбайн $120мың тұрады, деді Ербол Есенеев. Ал егер оны лизингке алатын болсаң, ол ақшаны $210 мың қылып қайтарасың, үстінен $90 мың артық төлеу керек. Бұл үкімет қолдауымен алған жағдайда! Мемлекеттік қолдау бойынша фермерлерге бөлінетін қаражат тікелей өздеріне түсуі тиіс. Ақша барлық ауыл шаруашылығымен айналысушыларға өнімдеріне қарамастан бірдей, әділ түрде бөлінуі кекрек. Мысалы Монғолияны айтар болсақ, онда шаруашылықта қанша ешкі бар екендігі есептелместен, 300 грамм жүн өткізсе де немесе тонна өткізсе де қаржылай қолдауға ие болады.
Қазіргі кезде ескірген барлық тәсілдерді өзгертуіміз қажет. Себебі аграршылардан түрлі кедендік алым-салықтар алынып жатыр. Билік басындағылар фермерлердің жағдайларын түсінулері қажет. Фермерлер қаржылай қолдаусыз да елге ауыл шаруашылық өнімдерін беріп отырғандығын білуге тиіс.
Соңғы мүмкіндік
Мәселе билік бұл жағдайға дайын ба? Соңғы жаңалықтар бойынша, Үкіметтегі барлық адамдар дағдарыс кезінде оларды түсіне қойған жоқ. Атап айтсақ, ҚР Қаржы министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен мемлекет 2020 жылға бөлген мемлекеттік қолдаудың мөлшерін (шамамен 300 млрд теңге) әлі күнге дауласып шеше алмай жатыр деген сөз бар. Егер аграрлық ведомства 110 млрд теңге қажет деп сұраса, қаржы мекемесі оның 60 млрд теңгесін ғана береді. Нәтижесінде жоспарланған АӨК 6% - ға өседі, сонымен қатар, ішкі нарықтағы импорттық азық-түлікке тәуелділік 36,2% -дан 31,2%-ға дейін төмендеуі мүмкін.
— Осындай толықтай қаржы бөлінбегендіктен адамдар мемлекеттік бағдарламаларға сенбейді, -деп өз ойын айьтты Ербол Есенеев. Біздің ойымызша, биылғы көктемгі егіс жұмыстарына қазақстандық аграршыларға 800-900 млрд теңге керек. Бұл агротехнологияны қолдана отырып, толықтай жұмыс істеу үшін қажет. Мемлекет «ҚазАгро» арқылы 70 млрд теңге бөліп отыр. Бірақ фермерлерден тек 65 млрд теңгеге ғана өтінім түсті. Қорытында: біздің фермерлеріміз мемлекетке сенбейді, тек өз күштеріне ғана сенеді. Сондықтан да саясат, жүйе өзгермейінше. Бір нәрсе айту қиын.Ал дәл қазір бізде осыны өзгертуге мүмкіндік болып тұр.