Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Коронавирустың таралуы: АӨК-ке әсері (мақала жаңартылып отырады)
2020 жылдың 15 наурызында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада «Төтенше жағдай туралы» қаулыға қол қойды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан 2020 жылғы 15 сәуірдегі кезеңіне дейін төтенше жағдай енгізілсін. Шектеулер азаматтардың қозғалысына, ірі сауда орталықтарының жұмыс істеуіне және аграрлық салаға әсер етеді.
ElDala.kz редакциясы онлайн режимде сіздер үшін маңызды мәліметтерді, фактілерді жинап, хабарлап отыратын болады.
«Біз коронавирустың жаһандық экономикаға кері әсерінің куәсі болдық. Шын мәнісінде, мәселе бүкіл әлемдік экономиканы қайта қарастыруда. Қазақстан осы күрделі дағдарыс салдарын сезініп жатыр», - деді Тоқаев дүйсенбі күні Қазақстан халқына жолдаған телевизиялық үндеуінде. Алайда Президенттің айтуынша, экономикалық катаклизмге қарамастан «әлеуметтік қарбаластың өсуіне, жұмыссыздықтың артуына жол бермес үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасында еліміздің халықаралық резерві $90 млрд. шамасына жетті. Бұл біздің экономиканың тұрақтылығын сақтаудың және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындаудың мықты кепілі. Отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға кемінде 300 миллиард теңге бөлінеді. Бизнесті несиелендіру деңгейінің төмендеуіне жол беруге болмайды. Ішкі нарықты толтыру және өндірісті ынталандыру үшін «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру арттырылатын болады» деп мәлімдеді Президент.
Әлемдік нарықтағы дауыл
Ел Үкіметі қабылдаған отандық бизнес пен халықты қорғау жөніндегі барлық шараларға қарамастан, жаһандық дауылдың алдын алу отандық аграрлық салаға да қатысты болады. Сондықтан әлемдік нарықтарға назар аударсақ
9 наурыз күні мұнай бағасының құлдырауынан кейін әлемдік қор индекстері де төмендеді.
Айырбастау пункттерінде теңге бағамы шарықтап кетті.
Әлемдік қор нарығы сейсенбі-сәрсенбі күндері коронавирустың таралу салдарын азайту үшін АҚШ ұсынған жаңа шараларға қарамастан, негізінен төмендеді. АҚШ билігі экономиканы қолдау шаралары туралы хабарлағаннан кейін америкалық индекстер 3-5% - ға дейін өсті. Сәрсенбі күні Азия биржалары АҚШ билігінің шаралары коронавирустың экономикалық салдарларына байланысты әлемдік инвесторлардың қауіптілігін әлсіреткеннен кейін 6,5% шамасында құлдыраумен жабылды. Еуропалық нарық сәрсенбі күні жаһандық рецессияға байланысты шамамен 4% - ға төмендеді. Еуроодаққа мүше 27 елдің мемлекет және үкімет басшылары бұрын Еурокомиссия ұсынған ЕО аумағына үшінші мемлекет азаматтарының сапарына тыйым салуды келісті. Ресей акциялары нарығы сәрсенбі күні негізгі индекстер бойынша 3-5% - ға төмендеді. Рубль долларға және еуроға шаққанда 2 рубльден артық соманы жоғалтты.
Бейсенбі күні жаһандық қаржы нарықтарындағы волюта өзгерістері айтарлықтай болды. Brent маркалы мұнайдың бағасы бір күн ішінде 14% - ға және жыл басынан бері 60% - ға төмендеп, баррелі $ 25 долларға жетті. Әлемдік қор және валюта нарықтарында құлдырау әлі де жалғасуда. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан қор биржасымен бірлесіп 2020 жылы 19 және 20 наурызда Франкфурт аукционы бойынша (сауда-саттықты өткізу тәсілі бойынша белгілі бір уақыт ішінде Биржаның сауда жүйесіне өтінімдер енгізіледі, ал ол аяқталған кезде белгілі баға бойынша барлық немесе жекелеген өтінімдер қанағаттандырылады) теңгенің валюталық жұбы бойынша сауда-саттық өткізу туралы шешім қабылдады.
Еңбек нарығында шарттардың өзгеруі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қашықтықтан жұмыс істейтіндердің еңбекақысы туралы айтты, меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар қашықтықтан жұмыс режиміне көшуі тиіс. Қашықтықтан жұмыс істеу кезінде жұмыс тәртібі, жұмыс уақытын есепке алу Еңбек кодексінің 138-бабына сәйкес айқындалады. Жалақы толық көлемде төленуі тиіс.
«Қашықтықтан жұмысқа көшкен кезде, еңбекақы төлеу тәртібі өзгермейді. Бұл жерде азамат өзінің жұмыс орнында емес, үйден жұмыс атқару мүмкіндігі болады. Еңбек кодексі бойынша, оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауға міндетті және жалақысы ай сайынғы алып жүрген көлемде төленетін болады. Ал мекемелерде қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкін болмаса және жұмысты уақытша мүлдем тоқтатса, Кодекстің 112-ші бабы бойынша қызметкерлер ең төменгі жалақыдан, яғни 42 500 теңгеден кем емес айлық алып отырады. Жекелеген ұйымдардың еңбек шартында одан жоғары сома қарастырылса, сол төленеді», – деді Біржан Нурымбетов.
Сонымен қатар министр жұмыс берушілер мекемедегі штат санын қысқартуларына болады, бірақ мекемелер жұмысшылар санын қысқартатын болса, онда жұмысшыға бір ай бұрын ескертіп, 1 ай көлеміндегі өтемақы төлейді, деді.
ТЖ көлік қозғалысы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Берік Камалиев: «азық-түлік өнімдерін, халық тұтынатын және медициналық мақсаттағы тауарларды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Халықаралық екі жақты және транзиттік қатынаста автомобиль көлігімен жүк пен почта жөнелтімдерін тасымалдау шектелмейді», деп айтты.
Негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың негізгі импорттаушылары кедендік тексеруден, сараптаудан және тауардың кедендік құнын бақылаудан босатылады, деп хабарлады.
Бизнесті қолдау
16 наурызда Президент экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан ара атқарылатын шаралар туралы жарлыққа қол қойды. 17 наурызда Үкіметте Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен кәсіпкерлікті және қазақстандық өндірісті қолдау шаралары қарастырылды. Бизнесті қолдау және еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар топтамасы қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруды, кепілдіктер беруді, салықтық ынталандыруды, бизнесті тексеруді азайтуды және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді қамтиды. Атап айтқанда, 1 трлн теңгеге дейін кредит беру және "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша басым тауарлар тізімі кеңейтіледі, "БЖК-2025" мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиенің жоғарғы шегі ұлғайтылады және салалық шектеулер алынып тасталады, бизнесті несиелендіру кезінде кепілдік беру тетігі жеңілдетіледі.
Коронавирустың тарауына байланысты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 17 наурызда, сейсенбі күні Үкімет отырысында жеке тұлғалардың тұтыну қарыздары бойынша ТЖ айыппұл төленбейді, деп хабарлады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова. Фото: Toppress.kz.
Оның айтуы бойынша, банктер мен микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жай-күйі нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне 90 күнге дейінгі мерзімге негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда, төлемдерді кейінге қалдыру жөніндегі жұмысты жүргізуі қажет.Сонымен қатар, банктер мен несие нарығының басқа да субъектілері осы шараларды іске асыру үшін қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен тетіктері анықталатын болады.
Сбербанк ақпараты бойынша, Қазақстан өз клиенттеріне қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді: ТЖ әрекет ету кезеңінде төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайда айыппұлдар мен өсімдерді есептемейді, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеке тәртіпте 90 күнге дейінгі мерзімге кредиттер бойынша мерзімін ұзартады.
Kaspi банк өз клиенттеріне несие төлемдерін екі ай мерзімге кейін төлеуге рұқсат алды. Бұл туралы банк басшысы Михаил Ломтадзе былай деді: «Осы уақытта жұмыстан шығып қалған және нәтижесінде уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған адамдарға екі айға төлемдерін кешіктіріп төлеулеріне мүмкіндік береміз», - деді. Оның айтуынша, клиенттерге қолдау көрсету бағдарламасына қатысуға өтінім беруді мобильді қосымша арқылы Kaspi.kz –те екінші сәуірден бастап жасауларына болады. Мұндай жеңілдікті 2020 жылдың 18 наурызына дейін несие төлеуде қарызы болмаған адамдар ала алады, деді.
Тақырыпты оқу: Егіс жұмыстарына агграршыларға жылдық 5% мөлшермен несие беріледі
Halyk Bank және Аграрлық несие корпорациясы арасында жасалған келісім бойынша 2020 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу үшін «Кең Дала» бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіп кешендеріне 24 млрд теңге беріледі.
«Валюта курсының өзгеруіне, ставкалардың жоғарылауына және коронавирустық инфекция пандемиясының әсерінен экономикада қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан, отандық ауыл шаруашылығын өндірушілер енді биылғы жылы өте тиімді мөлшерлеме бойынша несие алуға мүмкіндігі бар. Осы қолдауға байланысты біз АКК-ға және банкке алғысымызды білдіреміз. Банк біздің ұсынысымызды қабылдады және қарыз алушылар үшін несиені өтеу кестесін белгіледі. Сонымен қатар кепілдіктің талаптарын қатаң емес етіп жасап отыр. Бұл бізге жылдық маусымды ескере отырып, қарыздарды тқлеу үшін жасалып отырған қолайлы жағдай, сондай-ақ біздің тұрақты аграршыларымызға кепілдемеге зат қоюда жеңілдіктер жасалған. Halyk Bank және Аграрлық несие корпорациясы жасаған келісім бойынша АӨК субъектілеріне 2020 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие алуға мүмкіндік береді »,- деп атап айтты Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.
Арнайы тақырып бойынша хабарды осы жаңалықтан оқып білуге болады.