Егін егу жұмыстарының дер кезінде өткізілуіне Ақмола полициясы атсалысады
Ақмола полициясы егін егу жұмыстарының дер кезінде орындалуына бағытталған жұмыс жоспарын енгізеді. Бұл ақпарат КазахЗерно.kz материалында хабарланды.
Жергілікті атқарушы органдарда аграршылардың тізімі жасалып, полиция департаментінің төтенше жағдайлар орталығына тапсырылды. Одан әрі қарай көлік нөмірлері, олардың баратын пункттері және барып-келу мақсаттары туралы ақпарат блок бекеттерге тапсырылады. Бұдан кейін аграршыларға «жасыл дәліз» ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Ақмола облысы арқылы басқа облыстарға да транзиттік машиналар өтетін болады.
Төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлерінің міндетіне осы егіс науқанына дайындалу және оны өткізу кезінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары кіреді.