Маңғыстау облысында жасанды жаңбыр технологиясы ұсынылды
Құрғақшылыққа қарсы күрес әдісі ретінде жасанды жаңбырлату технологиясы Маңғыстау өңірлік кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге таныстырылды. Егер аталған технология сәтті түрде сынақтан өтсе, онда бұл аймақта барлық облысты қамтуға мүмкіндік беретін осындай бес құрылғы орнатылады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП хабарлады.
Pro International Center of Climate Change Technologies жаһандық жобасы бірнеше елде сынақтан өтті. Қазақстанда оны Central Asian Center of Climate Change Technologies компаниясы енгізбек. Компания басшысы Алтай Айнабектің айтуынша, технология қоршаған ортаға, адамдарға, малдарға қауіп төндірмейді.
«Теріс иондарды атмосфераға шашырату арқылы түрлі деңгейдегі атмосферада ылғалдың шоғырлану процесі жүреді және буланған ылғалды Каспий теңізінің акваториясынан Маңғыстаудың кейбір шөлді аудандарына көшіру арқылы бұлттар пайда болады, сөйтіп ол ылғалды ауа қажет болған жерде шөгеді», - деді маман.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазгидромет орталығында жасанды жаңбыр технологиясы туралы айтты
Су шаруашылығы саласындағы жергілікті мамандар аудандарды аралап, Маңғыстау облысына арнап бес құралды орнатуға арналған орындарды анықтайды. Бір аспап 200 км радиуста жұмыс істейді, ал оның күші 100 000 шаршы метрге таралады.
«Жыл сайынғы жауын-шашын кем дегенде 30% -ға артуда. Аспапты қолданудың нәтижесін біз бір айдың ішінде көрсете аламыз», - деп нақтылады компания өкілі.
Бастапқы кезеңде алғашқы нәтижелерді алғанға дейін компания өз есебінен барлық жұмысты іске асыруға дайын.
«Біздің технологиямыздың сервисінің жылдық құны 5 млн еуроны құрайды, бірақ детонациялық жұмыстар кезінде біз 1,3-2 млн еуро шегінде жұмыс істейтін боламыз, қалған 3-3,8 млн еуро бізде көрсету жобасы аясында бірлескен инвестициялар болады және біз нәтижені көрсеткеннен кейін ақшаны кесте бойынша аламыз», - деді Алтай Айнабек.
Тақырыпқа байланысты оқу: «Мал азығына қатысты мәселе әлі де күрделі болуда»
Кездесуге қатысушылар аталған технологияларға қызығушылық танытты. Осы құралдарға қатысты ұсыныстар облыс әкімдігіне, Ауыл шаруашылығы және экология министрлігіне хабарланатын болады. Жергілікті кәсіпкерлер өз кезегінде технологияларды енгізу шығындарының бір бөлігін өтеуге және тасымалдау, құрастыру сияқты бірқатар жұмыстарды орындауға дайын.
«Қазір Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында қатты құрғақшылық байқалып жатқандығы баршаға мәлім. Мал өлімі, экоцид сияқты көптеген проблемалар туындауда, жайылымдық жерлер сарқылуда. Бізде климаттық технология тиімді жұмыс істей алады деп есептейміз», - деп атап өтті Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Еділ Жаңбыршин.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда Маңғыстау облысында құрғақшылықтың салдарынан 1147 бас мал қырылып қалды.