Алматы облысынан жемшөп өндіруші экспортқа шығуда
"Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында SSA Feed Mills құрама жем зауыты іске қосылды. Кәсіпорын өнімдері Қазақстанда сатылуда, сондай-ақ ЕАЭО елдері мен алыс шетелдерге экспортқа жіберілетін болады. Бұл туралы АЭА баспасөз қызметі хабарлады.
Ағымдағы жылдың соңына дейін зауыт ай сайын 846 тонна өндіріс көлеміне шығуды жоспарлап отыр.
"Біздің алдымызда тұрған бірінші кезектегі міндет - отандық нарықты қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін сапалы әрі қолжетімді құрама жеммен қамтамасыз ету. Жыл сайын біз өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлаймыз, осылайша жақын және алыс шетелдерге экспортқа шыға аламыз", - деді SSA Feed Mills бас директоры Игорь Габидуллин.
Кәсіпорында 45 адам жұмысқа орналастырылды, болашақта жұмыс орындарының саны 67-ге дейін артады.
Мал азығын өндіру үшін шикізат ретінде Панфилов ауданында өсірілетін жүгері пайдаланылуда. Сондықтан өндірісті іске қосу жергілікті фермерлерге ауыл шаруашылығы шикізатын өткізуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда астық дақылдарын өндіруді арттыру шараларын әзірлеген болатын.