АШМ жем-шөп өндірісі бойынша бірқатар шараларды ұсынды

Қазақстанда жыл сайын өндірілетін азық мөлшері қажетті зоотехникалық нормадан екі есе аз. Оның үстіне жем-шөптің шамамен 70% -ы табиғи шабындықтарда дайындалады, олардың өнімділігі ауа райына тікелей байланысты. Аталған саланың биылғы  құрғақшылыққа дайын болмауы нәтижесінде елеулі зардаптарға әкелді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Карашөкеев мәлімдеді.

«Бізде мал азығы дақылдарының айналымдағы үлесі 15% деңгейінде, бұл ғылыми тұрғыда ұсынылған көрсеткіштен 2 есе төмен. Бізде мал шаруашылығын дамытудың негізгі талаптары бұзылған деп айтуға болады. Елімізде мал базасын көбейту мал азығы базасын дамытуынсыз жүзеге асырылып жатыр», - деді АШМ басшысы.

Ол елімізде ауа райы факторларының әсеріне қарамастан, мал шаруашылығының тұрақты дамуына кепілдік беруге мүмкіндік беретін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

«Ең алдымен, егін шаруашылығында нақты іс-шаралар жүргізу қажет. Оған қол жеткізу үшін жер пайдаланушылар ғылыми негізделген ауыспалы егістерді қатаң түрде сақтп егін егулері қажет. Өкінішке қарай, бұл жасалмайды. Жер пайдаланушы жер учаскесiн жалдау шарты бойынша ауыспалы айналымды сақтау мiндеттемесiн алады. Алайда, бақылау жасалмағандықтан, іс жүзінде бұл орындалмай, тек қағаз жүзінде қалып отыр», - деп атап өтті министрдің міндетін атқарушы.

Тақырыпқа байланысты оқуАуыл шаруашылығы министрлігі мал азығының бағасын бақылайтын болады

АШМ назарын аударатын екінші мәселе - суармалы жерлердің жем-шөп дақылдарын егі үшін кеңейту жағдайы. Соңғы 30 жылда суармалы жер көлемі 1,5 млн га дейін қысқарды. Мұндай жағдайларда қазіргі заманғы су үнемдеуші технологияларға көшу, ылғалды көп қажет ететін дақылдардың алқаптарын қысқарту және су ресурстарының жаңа көздерін іздеу есебінен суармалы суды үнемді де тиімді пайдалану бұрынғыдан да маңызды.

Үшінші бағыт - жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту. ҚР-да жемшөп дақылдары бойынша 57 тұқым шаруашылығы субъектісі жұмыс істейді, бірақ олардың әлеуетті мүмкіндіктері толық көлемде пайдаланылмайды.

«Басты себеп - мал шаруашылығына деген сұраныстың жоқтығында, біздің көптеген АӨК субъектілеріміздің ескірген психологиясында. Олар мәселені табиғи шабындықтар есебінен ерекше шығынсыз шешуге болатын жемшөп алқабын құруға жұмсаудың қажеті жоқ деп ойлайды. Өткен жылы ауыл шаруашылығы өндірушілері тек қана 1 мың тоннадан астам жемшөп дақылдарының тұқымын сатып алды, дегенмен ғылыми нормалар бойынша, елімізді жемшөп өндірісімен толық қамтамасыз ету үшін шамамен 300 мың тонна қажет. Қазіргі құрғақшылық мал шаруашылығына жемшөп алқабын құрмай, саланың тұрақты дамуына тиісті түрде кепілдік беру мүмкін еместігін тағы да еске салуда», - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Төртінші бағыт - пайдаланылатын жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру және олардың шекарасын кеңейту. АШМ басшысы атап өткендей, бүгінде «жайылым айналымы» сөзі лексиконнан мүлдем кетті. Жайылым айналымының болмауы елдің әр түрлі табиғи-климаттық аймақтарында жайылым алқаптарының 20% -дан 50% -ға дейін тозуына әкелді.

«Егіншілік айналымын сақтау нормасы жайылым туралы заңда жасалған. Ол жер учаскесін жалдау шартында көрініс табуы тиіс. Алайда бұл жерде де мәселе тиісті әдістемелердің болмауынан бақылау тетігіне қатысты болып отыр», - деді спикер.

Оның айтуынша, аталған мәселелер тиісті қаржыландыру көлемімен қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді талап етеді. Бұл мәселені шешу үшін АШМ жұмыс істеп жатыр.

«Біз мәдени және аридтік жайылымдарды құруға, олардың өнімділігін арттыруға баса назар аударуды жоспарлап отырмыз. Пайдаланылатын жайылымдардың шекарасын кеңейту мәселесіне келетін болсақ, бұл жерде негізгі мәселе оларды суландыру болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін министрлік жүргізген жұмыс одан әрі жандануға тиіс. Бұл мәселені шешу таяу болашақта біздің басымдықтарымыздың бірі болады», - деді Ербол Қарашөкеев.

Тақырыпқа байланысты оқуТоқаев жыл соңына дейін 46 млн га жайылымдықты қайтаруды тапсырды

Ол сондай-ақ, қолданыстағы АӨК дамыту бағдарламасында фермерлер есебінен құдықтар салу және қайта жаңарту қарастырылатынын еске салып өтті.

Елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлердің тапшылығы мен олардың тозуына келетін болсақ, АШМ шаруашылықтардың кооперациясын құруды ұсынады. ҚР-да кооперативтерге қызмет көрсету бойынша мамандандырылған құрылымдар жасау қажет, оларға жайылымдық жерлер бөлінуі тиіс, сондай-ақ жайылымдық жерлердің резервтік алқаптары бар субъектілермен жеке шаруашылық  кооперацияларымен бірігуі керек.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.