Қытай CITIC холдингі Қазақстанның АӨК инвестициялауға ниетті
CITIC қытайлық қаржы-өнеркәсіптік холдингі Қазақстанда тамақ өнеркәсібі мен тау-кен металлургия кешені саласындағы бірқатар жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы KAZAKH INVEST баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде CITIC Construction вице-президенті Ян Дзяньцян мен KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Қытай компаниясы ет өнімдерін өндіруге, дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеуге, сондай-ақ кен орындарын игеруді инвестициялауға мүдделі, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Келіссөздер аясында инвесторларға Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, еліміздегі бизнесті қолдаудың мүмкіндіктері мен тетіктері таныстырылды.
"Көптеген жылдар бойы мемлекет тарапынан агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға үлкен көңіл бөлініп келеді. Мемлекет оны жақсартуға бағытталған шаралар кешенін қабылдауда, осыған байланысты бүгінгі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінің ұлғаюы, республикада жаңа ауыл шаруашылығы объектілерін қалыптастыру және ауыл шаруашылығы саласына инвестициялау көлемінің ұлғаюы байқалуда", - деп атап өтті KAZAKH INVEST жоба менеджері Самат Алмағамбетов.
Тақырып бойынша оқу: ҚР Қытаймен жақын арада жүк тасымалдау мәселесін шешуге келісті
CITIC Construction - CITIC Group еншілес компаниясы, инженерлік-құрылыс саласында маманданады. 1982 жылдан бастап корпорация шетелдік жобаларға инвестиция салумен айналысады. 2017 жылы корпорацияның активтері $ 973 млрд-тан асты, кірістер- – 61 млрд. Компания Forbes Fortune 500 рейтингінде 149-шы орында.
CITIC Group штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан. Корпорация 40-тан астам түрлі компанияларды (банктерді), соның ішінде АҚШ, Канада, Австралияда орналасқан және т. б. компанияларды қамтиды. Токио мен Нью-Йоркте өкілдіктер бар. Корпорация қызметкерлерінің жалпы саны шамамен 180 мың адамды құрайды.