Дүниежүзіл банк АШМ-ға субсидиялау жүйесіне талдау жүргізуге көмектеседі
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Вашингтонға сапары кезінде Дүниежүзілік банк басшылығымен кездесті. Тараптар Дүниежүзілік банк бағдарламасы (Техникалық көмек) бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету бойынша ынтымақтастық туралы уағдаласты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дүниежүзілік Банктің мүдделі елдерге техникалық көмек көрсету бағдарламасы олардың ағымдағы саясаты мен ауыл шаруашылығын қолдауды қайта қарауға және қайта бағдарлауға бағытталған, бұл ретте елдерге реформалардың техникалық, экономикалық және әлеуметтік жүзеге асырылатын нұсқалары ұсынылады.
Тақырып бойынша оқу: АӨК субсидиялау жүйесін трансформациялау күтіп тұр
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанға техникалық көмек екі жылға есептелген, ол гранттық қаражат есебінен берілетін болады.
"Техникалық көмек шеңберінде халықаралық сарапшылар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы саладағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, субсидиялау жүйесіне терең талдау жүргізілді, мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары ұсынылды, қаржылық қолдау көрсетуге жәрдем көрсетілді. Сондай-ақ, климаттың өзгеруін, Қазақстанның бір бөлігінің құрғақшылыққа ұшырауын назарға ала отырып, Дүниежүзілік банк оның ауыл шаруашылығына әсерін азайту, басқару және салдарын жұмсарту бойынша тиімді стратегия әзірлеу бойынша бірқатар ұсынымдар әзірледі",-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы көмек аясында алынған ұсыныстар барлық мүдделі органдармен мұқият зерттелетініне сендірді.
Сондай-ақ, тараптар байланыстардың жоғары динамикасын қолдауға келісті.
Естеріңізге сала кетейік: бұған дейін Дүниежүзілік банк Қазақстанға мал шаруашылығын тұрақты дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру үшін 460 млн еуро көлемінде қарызды мақұлдаған болатын. Оның басты мақсаты - Қазақстанда экологиялық тұрақты, инклюзивті және бәсекеге қабілетті сиыр еті өндірісін дамытуды қолдау. Жоба 2021 жылдың соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда.