ҚазАзот директоры зардап шеккен бизнеске 500 млн теңге бөлмек
Қазақстанда зардап шеккен бизнесті қолдаудың "Күшіміз Бірлікте" - "Сила в единстве" республикалық қоры құрылды. Оны Алматы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев басқарды. Алғашқы 500 млн теңге қорға "ҚазАзот" АҚ директоры, меценат Бахаридин Аблазимовтан түседі. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық палатасынан хабарлады.
"Біз еліміздің көптеген азаматтарынан айырылдық. Мен қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын және жараланғандарға тілектестік білдіремін. Мемлекет басшысы қабылдаған шаралардың арқасында бейбітшілік пен тұрақтылық біртіндеп орнауда. Енді қордың ашылғанын естігенде, мен өзімнің азаматтық парызым деп санаймын және өз қызметкерлерімнің атынан 500 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсеткім келеді", – деді Бахаридин Аблазимов.
Ол соңғы күндердің шабуылының нәтижесінде Алматыда шағын кәсіпкерлердің асханалары, дүкендері, шаштараздары қирап, өртенгенін атап өтті. Меценат отандастарын бірігуге және елді бірге қалпына келтіруге шақырды.
"Бүкіл әлемге қазақ халқын жақсы жағынан көрсетуге шақырамын. Бірігейік. Біз бір жалаудың астында жиналайық. Біздің күшіміз бірлікте", - деп атап өтті Бахаридин Аблазимов.
"Атамекенде" хабарлағандай, "Күш Бірлікте" қорына түсетін қаражат Алматы қаласының кәсіпкерлеріне де, объектілері тоналып, бұзылған басқа өңірлердің кәсіпкерлеріне де комиссия шешімінен кейін бөлінетін болады. Барлық қаржылық операциялар цифрландырылады, қор түсетін және бөлінетін ақша қаражатының ашықтығына кепілдік береді.
Қаржылық көмек көрсетуді қалайтындардың барлығы ҰКП сall-орталығы мен Алматы өңірлік кеңесінің телефондары арқылы хабарласа алады: +7775 126 1839; +7778 410 1758; +7777 947 00 77 - Бауыржан Оразғалиев.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағалауы бойынша террористер мен тонаушылардың шабуылдарынан мемлекетке алдын ала экономикалық залал $2-3 млрд құрауы мүмкін.
ҚазАзот - азот минералды тыңайтқыштарын экспорттау және қазақстандық ірі өндіруші.