31 января 2022 Қазақстан

Фермерлер 40 млрд теңгеге форвардтық сатып алуға өтінім берді

"Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ 2022 жылғы 14 қаңтарда 2022 жылғы егіннің ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың басталғаны туралы хабарлады. 31 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 40 млрд теңгеден астам сомаға 162 өтінім келіп түскен. Бұл туралы ElDala.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы егіннің ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыруға 80 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есе артық. Сатып алынатын дақылдардың тізбесі жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, зығыр, рапс, соя, қарақұмық және жүгері сияқты он атауға дейін кеңейтілетін болады.

Тақырып бойынша оқу: Азық-түлік корпорациясы форвардты сатып алу бағасын жариялады

Әлеуетті өнім берушілердің форвардтық сатып алуға қатысуға өтінімдері Азық-түлік корпорациясының интернет-ресурсында электрондық нысанда қабылданады (www.fcc.kz), не болмаса қағаз нысанда облыстық өкілдіктерде келесі мекенжайлар бойынша алуға болады:

Ақмола облысы: Көкшетау, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, телефондар: (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22, +7 701 795 09 98;

Қостанай облысы: Қостанай, Тәуелсіздік көшесі, 147, телефондар: (8-714-2) 53-11-44, 54-28-20, 54-28-94;

Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл, Партизанская көшесі, 160, телефондар: (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 55-11-64, 55-11-61;

Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен, Бейбітшілік көшесі, 30, 206 кеңсе, телефон6 (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57.

Форвардтық сатып алу бойынша қосымша ақпарат алу үшін Азық-түлік корпорациясының орталық аппаратына хабарласуға болады: 8 (717-2) 59-12-32 (ішкі. 2358), 59-12-39, 59-12-65, 59-13-07.