Азық-түлік корпорациясының пайдасы 2021 жылы 3,5 млрд теңгеге дейін өсті
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ таза пайдасы 2021 жылы 2,8 есеге ұлғайды және 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 3 млрд 455 млн 244 мың теңгені құрады. Бұл туралы ElDala.kz компанияның 2021 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Есептік кезеңде Азық -түлік корпорациясының жиынтық активтері 1,6 есе, 159 млрд 715 млн 519 мың теңгеге дейін, жиынтық міндеттемелер -3,6 есе, 81 млрд 833 млн 754 мың теңгеге дейін өсті.
Меншікті капитал 3,6%-ға ұлғайып, 77 млрд 881 млн 765 мың теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетейік, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК астықтың резервтік қорын сақтайтын Қазақстанның астық нарығындағы мемлекеттің операторы. Ағымдағы жылы "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы 100 млрд теңгені құрайды.