Қазақстан Қытайға органикалық өнім экспортын талқылауда
"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында Қытай нарығына органикалық өнімдерді экспорттау мәселесі талқыланды. Бұл туралы ElDala.kz "Атамекен" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Қазір отандық органикалық өнімді Қытай нарығына шығару маңызды. Мұндай экспорттау кезінде барлық тараптар табыс үстінде болады. Тек ресми бөлігі ғана қалады: елдің мемлекеттік органдары Қытай үкіметімен келіссөздер жүргізіп, барлығын құжатпен реттеуі тиіс", - деп атап өтті Ұлттық палатада.
Ұлттық палатаның агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев отандық органикалық өнімнің Қытай нарығына шығуының зор әлеуетін атап өтті.
"Соңғы айлардағы оқиғалар өнім экспортының тиімді еместігін көрсетті. Себебі логистика, төлем және басқа да мәселелер туындады. Қытайға органикалық өнімдерді экспорттауға дайын кәсіпкерлер бар. Біз қазір өндіретін және экспорттайтын көлемдер аз, бірақ болашақта әлеует айтарлықтай болады. Сондықтан мүмкіндігі жіберіп алуға болмайды. Бұл саудада ешкім ұтылмайды", - деді Ербол Есенеев.
"QazTrade" АҚзерттеу және консалтинг департаментінің директоры Өжет Шегірбаев мемлекеттік органдар шетелдік үкіметпен келіссөздер жүргізсе, компания мемлекеттік қолдау операторы болуға дайын екенін атап өтті.
"2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қытай тарапымен ешқандай меморандумдар жасалмады. Алдымен Қазақстан АШМ мен ҚХР мемлекеттік кеден басқармасы меморандумға қол қоюы тиіс. Содан кейін қытай нарығына шығу жолы ашылады. Осылайша, АШМ Сыртқы істер министрлігі арқылы Қытайға қандай өнімдер экспортталатыны туралы мәлімет жібереді. Сондықтан мемлекеттік органдардың белсенді қатысуы қажет", - деді ол.
Сонымен қатар, Qazaq Огдапіс одағының директоры Арсен Керімбеков жақын арада органикалық ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жол картасы шығатынын хабарлады.
ҚР СІМ Азия және Тынық мұхит аймағы департаменті ҚХР басқармасының басшысы Алмас Сейтақынов салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, отандық өнімді, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін ҚХР нарығына шығару бойынша тұрақты түрде жұмыс істеп жатқанын айтты, сондай-ақ салалық ведомство ретінде келіссөздерді ұйымдастыруға дайын екенін білдірді.
"Органикалық өнімдерді Қытай нарығына экспорттау өзекті мәселе. Оның үстіне қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында. Сыртқы саясат ведомствосы ретінде біз онлайн-офлайн кездесуді ұйымдастыруға дайынбыз", - деді Алмас Сейтақынов.
Кеңесті қорытындылай келе, Ербол Есенеев жақын арада кездесіп, мәселені егжей-тегжейлі талқылауды ұсынды.
"Біз ұсыныстарымыздың жобасын жібереміз. Сіздің тарапыңыздан біз оны қарап, қолдауды сұраймыз", - деді Ұлттық палата өкілі.