Алматы облысында ауыл шаруашылық жерлерді суару мәселесі мұздықтардың аз еруімен байланысты
Мамандардың айтуы бойынша, Алматы облысында суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету мәселелері тау мұздықтары ери бастағанда шешіледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті хабарлады.
«Қазіргі уақытта құрғақ ауа райы мезгіліне байланысты Бартоғай су қоймасына таудан су аз жиналуда. Еңбекшіқазақ ауданының суармалы 32,3 мың га жерінде және Шелектегі 14,6 мың га жерде су тапшылығы туындауда», - деп хабарлады бөлімнен.
Су пайдаланушылар Бартоғай су қоймасынан суды көп жіберуді талап ететіні атап өтілді. Алайда су қоймасындағы судың 110,4 млн текше метрін немесе жалпы көлемнің 34% (300 млн текше метр) жіберіп отыр. Мұндай жағдайда суды бұдан артық жіберу мүмкін емес, дейді Комитет қызметкерлері.
«Судың жетіспеушілігін болдырмаудың жалғыз жолы -суармалы жерлерді кезекпен суару болып табылады. Бұл шаралар Алматы облысының әкімдігімен келісілді. Мұздықтар ерігеннен кейін, су көлемі артып, суармалы судың тапшылығы жойылады деп күтілуде», - деп атап өтті Комитет мамандары. Департамент бұл мәселені үнемі қадағалап отырады.
Бұдан бұрын «Хабар 24» хабарлағандай, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы фермерлер суармалы судың жоқтығынан, жағдайдың қиындығынан және жауын-шашынның аздығынан өнімдердің күйіп кету қаупі тұрғандығын айтқан болатын.
Бұл ауданда халықтың тығыздығы айтарлықтай жоғары. Өнеркәсіптік кәсіпорындар жоқ, сондықтан жергілікті тұрғындардың барлығы дерлік аграрлық секторда жұмыс істейді. Бірақ ауыл шаруашылығы үшін Еңбекшіқазақ ауданының шығыс бөлігіндегі топырақ мүлдем қолайлы емес. Ол жартасты және суды көп қажет ететін аймақ болып саналады.
«Біздің фермада 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Біз бәрін жем, шөппен қамтамасыз етеміз, жалақыны уақытылы төлейміз. Егер біз қазір бұл жұмыспен айналыспасақ, онда біз ештеңе жасай алмай қаламыз», - дейді ферма басшысы Асан Абаев.
Үлкен Алматы каналында су бар екендігі айтылған. Бірақ бұл су әрі қарай ағуда, тіпті аталған ағыстағы судың аз бөлігі де дақылдарға, қурап жатқан алқаптарға түспейді.
«Бір апта бұрын жағдай бірқалыпты болған еді. Қазір жағдай нашарлады. Неге екендігі белгісіз судың ағуы үзіліп қалды, олар «ҮАК» -те су жоқ дейді. Біз 2 мың гектардан астам егістік алқапты ектік, енді жағдай қалай болады, өздеріңіз көріп отырсыздар, егер осы өнімнің бәрі күйіп кетсе, біз банкротқа ұшыраймыз. Біз мал немесе құрал-жабдық сатып ала алмаймыз », - деді ферма басшысы Василий Мышако.
Бұған дейін Алматы облысында Есік көлі суының тартылуына байланысты егістік жерлерді суару мүмкіндігі шектеулі болатындығы жайлы хабарланған болатын.