Зығыр Қазақстандағы ең пайдалы дақылға айналды
Зығыр тұқымының бағасы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,8 есеге қымбаттады, ал қазір зығыр Қазақстандағы ең көп пайда түсіретін дақылдардың бірі болып табылады. Бұл туралы онлайн конференция барысында «Северное Зерно» компаниялар тобының негізін қалаушы,Қазақстан астық одағының сарапшысы Евгений Карабанов мәлімдеді.
«Соңғы 3-4 айда қазақстандық зығыр құны күрт көтеріле бастады, жалпы әлемдік нарықтағы баға артты. Баға күн сайын емес сағат сайын өсті. Ай сайын $60, $80. көтеріліп отырды. Мұның бәрі осы дақылдың пайдасына әсер етті және бұл қазақстандық фермерлердің қызығушылығын арттыруда», - деді Евгений Карабанов.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қостанайда Еуропаға арналған «таза» өнімді қалай өсіруде
Егер өткен маусымның басында қазақстандық зығырды Еуропаға экспорттау тиімді болса, қазір аталған дақылды Қазақстанда қымбаттағаны соншалық, айырмашылық ЕО-ға жеткізілген кезде логистика шығындарын жаппайды. Қытай нарығы әлдеқайда тиімді болды, олар қазақстандық зығырдың ірі партияларын сатып алуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Ол жақтағы экспортқа қазіргі кездегі шекарада қалыптасқан санитарлық шаралардың күшейтілуі ғана кедергі болуда, нәтижесінде Достық станциясында ауыл шаруашылық өнімдері тиелген вагондар сртқы нарыққа шыға алмай тұр.
«Бұл бағытта шамамен 8 мың вагон шекарадан өткізілмей тұр. Оның үстіне, 15 қарашадан бастап Қытай тарапы оралмаған тауарларды коронавирус табылуы мүмкін деген қорқыныштан қабылдауды тоқтатты. Егер бұрын жүктің 90% -ы дерлік оралған болса, Қытай тарапының өтініші бойынша, қазір оралған жүк қабылданбайды. Көптеген көліктер 70 күннен астам тоқтап тұр, олардың одан арғы жағдайы әлі күнге белгісіз», - деген сарапшы қазіргі проблемалар жалпы қазақстандық ауыл шаруашылық экспорты қарқынына, атап айтқанда зығырға әсер ететіндігін баса айтты.
Жалпы, ағымдағы маусымда Қазақстанның астық одағы зығырды Қазақстаннан 540 мың тонна көлемінде экспорттау мүмкіндігін бағалайды. Негізгі экспорттаушы елдер - Қытай, Бельгия және Польша.