17 июня 2021 Майлы дақылдар

СҚО-да май экстракциялық зауыт салынуда

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жылына 370 мың тонна майлы дақыл өңдейтін жаңа экстракциялық зауыт құрылысының басталғанын хабарлады.

«Аталған жобаға «Маслодел» ЖШС 15 млрд теңге инвестиция салады. 200 - ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады», - деп жазды Құмар Ақсақалов Facebook-те.

Ол СҚО елімізде майлы дақылдар өндіру бойынша көшбасшы аймақ болып табылатынын атап өтті: жыл сайын 1 млн га немесе республикадағы барлық алқаптардың үштен бірі бөлігі осы аймақта егіледі. Енді алдағы уақытта май зауыты шикізатпен қамтамасыз етіледі.

Жаңа зауыт аймақта өндірілетін майлы тұқымдардың көп бөлігін өңдей алады.

Сонымен қатар кәсіпорынға қазір СҚО-ның басқа өңірлерінен әкелінетін күнжара мен шрот сияқты жоғары протеинді азық қоспалары әкелінетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Семей қаласында май экстракциялық зауыт іске қосылады, ол тәулігіне 1000 тонна күнбағыс тұқымын немесе 800 тонна рапс/зығыр тұқымын өңдейді.