Алматы облысында майлы тұқымдарды сақтауға арналған жаңа СДО іске қосылады
Алматы облысының Сарқан қаласында сақтау мүмкіндігі 1,5 мың тонна майлы тұқымдарды сервистік-дайындау орталығының құрылысы аяқталуда. Бұл туралы «ЭФКО АЛМАТЫ» компаниясы хабарлады.
Жаңа СДО-да негізінен Алматы өңірінде өсірілетін соя дақылын қабылдайтын болады. Оны еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында суармалы жерлерде өсіру үшін қолайлы жағдай бар және тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді, бірақ соя мен оны өңдеу үшін нарықты дамыту мақсатында заманауи инфрақұрылым қажет.
Аталған орталықтың орналасқан жері аграршылар үшін қолайлы жер таңдалды және сонымен бірге «ЭФКО АЛМАТЫ» қайта өңдейтін өндірістік қуаттылықтарға жақын жер алынды. Компанияда атап өткендей, жаңа СДО-ны ашу жоғары сапалы стандарттарды қамтамасыз етіп, өндірістің жүктемесін арттыруға мүмкіндік береді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Алматы облысында соя өндірісі 20 %-дан 25%-ға артады
Компания директоры Абзал Талтеновтың айтуынша, 2021 жылға арналған жоспарда – Алматы облысының шаруа-фермер қожалықтарымен ынтымақтастықты одан әрі арттыратын болады және сервистік-дайындау орталығын ашу міндеті бар. Ол бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді және өндірісті тиімді түрде ұйымдастырады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін орталыққа жинап сақтау және өткізу бойынша қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді.
«Аталған жобаға шамамен 90 млн теңге жұмсалды. Орталықтың аумағы 1 мың шаршы метрден асады, бір реттік сақтауда – 1,5 мың тонна май тұқымын жинауға болады», - деп нақтылады компания өкілдері.