Қостанай облысында майлы дақыл алқаптары кеңейтіледі
Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Қостанай облысындағы егін егу жұмыстарының барысын тексерді.
«Қостанай облысының аграршылары 4,7 млн га алқапқа егін егуді жоспарлап отыр (жазғы арпа). Әдеттегідей дәнді және бұршақты дақыл аумақтың көп бөлігіне 3,8 миллион га жерге себіледі. Биыл майлы дақылдар 700 мың га дейін артады (2019 жылы 510 мың га). Жемшөп мөлшері аздау 176 мың га (2019 жылы 237 мың га) дейін азаяды», — деп жазды вице-министр Facebook-те.
Сондай-ақ, аймақта бір жылдық шөптер, дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер, сүрлем дақылдары егілетіндігін атап өтті.
«Фермерлер 528 мың тонна тұқыммен қамтамасыз етілген. Жоспарланған 2,1 млн га көктемгі егіс алқаптарының 836 мың га жеріндегі дайындау жұмыстары аяқталды», — деді Айдарбек Сапаров.