17 октября 2023 Әлем

Фотосуретті түсірген: Ақорда

Аягөз-Тачэн жаңа темір жолының құрылысы туралы Қазақстан мен Қытай келісті. Осы жобада ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға бүгін, 17 қазанда Қазақстан көлік министрлігі мен ҚХР даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті қол қойды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көлік министрі Марат Қарабаев түсіндіргендей, құжат: Аягөзден Тачэн қаласына дейінгі теміржол желісін салуды; Бақты-Покитудың үшінші теміржол өткізу пунктін салуды; шекара маңы аймағында терминалдық қуаттарды құруды көздейді.

"Қазір қолда бар екі теміржол өткізу пунктінің қуаттылығы 28 млн тоннаны құрайды және биыл олар толығымен жүктеледі деп күтеміз. Қазір еліміз бен Қытай арасында жаңа өткізу мүмкіндіктерін дамыту қажет. Үшінші теміржол өткізу пунктінің іске қосылуымен ҚР мен ҚХР арасындағы теміржол арқылы тасымалдау қуаты 50 млн тоннаға дейін артады", - деді Марат Қарабаев.

Меморандумға сәйкес, жобаны алдын ала дайындау үшін Тараптар трансшекаралық теміржолды жалғау, Бақты-Покиту теміржол өткізу пунктін ашу бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.

Тақырып бойынша оқу: ҚТЖ жарты жылда 108 млрд теңге таза пайда алды

Екі ел арасындағы жолтабан ені стандарттарындағы айырмашылықтарды ескере отырып, жобалаудың бастапқы кезеңінде экономика, өзара байланыс, кейінгі қолдану және кешенді тәсіл тұрғысынан стандартты және кең жолақты біріктірудің ғылыми жоғары тиімді жоспарын әзірлеу жоспарлануда.