Коронавирустың таралуы жергілікті өнімдерге деген сұранысты арттырады, дейді сарапшылар
Сарапшылардың пікірі бойынша, коронавирустың таралуы және көптеген елдерде карантиндік шаралардың енгізілуі туралы ақпараттың әсерінен халықаралық азық-түлік нарығы өзгеретінін айтты, деп жазады FruitNews. Атап айтқанда, жергілікті өнімдерге деген сұраныс өседі деген болжам бар.
Мысалы, Nielsen зерттеу компаниясы коронавирустың (COVID-19) өршуі жергілікті өнімге тұтынушылардың сұранысын арттыра алады деп санайды. Компания өкілдерінің пікірінше, «азық-түлік пен оның ингредиенттерінің қай жерден шыққандығына байланысты қауіп болғандықтан, дағдарыс кезінде жергілікті өнімге деген сұраныстың өсуіне ықпал етеді».
Nielsen мамандары сауалнама жүргізгенде келесі мәліметті анықтаған: Италия, Үндістан, Тайланд, Филиппин, Египет, Сауд Арабиясы, БАӘ, Пәкістан және АҚШ тұтынушыларының көпшілігі жергілікті азық-түлік өнімдерін қолдануды жөн санайды.
Сонымен қатар, жүргізілген зерттеулер бойынша, өндірушілер вирустармен күресу үшін енгізілетін логистикалық шектеулер кейбір ауыл шаруашылығы ресурстарын алуға әсер ететінін болжайды. Ең алдымен тыңайтқыштар мен агрохимикаттар, сондай-ақ құралдар мен жабдықтар.Сондай-ақ, егін жинау маусымы кезінде жұмысшыларды астық жинауға қатыстыру барысында қиындықтар туындауы мүмкін.
Еске сала кетейік, Қазіргі уақытта ҚР-да бар 1,2 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары шамамен жарты жылға жетеді, Қазақстан ішкі нарықты өз өнімімен қамтамасыз етеді, деп хабарлаған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігі. Сонымен қатар, Нұр -Сұлтан қаласында кейбір азық –түлік түрлері бір адамға бес килограмнан артық сатылуға шектеу қойылғандығы айтылған.
Айта кетерлік жағдай, 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстанның ішкі нарығын отандық ауыл шаруашылығы өнімімен толықтыруға республикалық бюджеттен 218,1 млрд теңге бөлінді.