Алашанькоу бекетінде бір тәулікте Қазақстаннан әкелінген 367 вагоннан жүк түсірілді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы 2020 жылдың күзінен бастап Қытай еліне жіберілетінт вагондарды түсіруді жеделдету мәселесі бойынша жұмыс жасауда. Өткен тәулікте станцияда 367 вагоннан жүк түсірілді, оның 44-і ұзақ мерзім тұрған болатын. Бұл туралы ElDala.kz порталына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының бас директорының орынбасары Қанат Кобесов хабарлады.
Алашанькоу бекетінде майлы дақылдар телген 14 вагонан өнім түсірілді, оның 5-і зығыр тұқымы болатын. Сондай-ақ, арпа салынған 21 вагон, мақта талшығы бар 9 вагон және рапс майы бар 8 цистерна түсірілді.
Алайда Қытай теміржолы контейнерлік пойыздар мен вагондардың Хоргос - Алтынкөл арқылы Орталық Азияға транзиттік тасымалдауды 4 наурызға дейін конвенциялық тыйым салатынын жариялаған еді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қытай бағытындағы темір жолда қозғалыс байқалады
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың күз мезгілінде ҚХР-да енгізілген қатаң карантиндік шектеулерге байланысты Қазақстанда Достық станциясы бағытында 12 мың тиелген вагон жиналған болатын, ондағы 2 мыңнан астам вагонда азық-түлік өнімдері тиелген еді. Мәселені шешу үшін теміржол әкімшілігі мен Қазақстан билігі қабылдаған көптеген шараларға қарамастан, вагондар орнынан тапжылмай, күн сайын саны артқан болатын.
Осыған байланысты аталған сала қауымдастықтарының сұранысы бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» вагондарды Достық станциясы бағытына жібермей, ҚХР-ға жүк тасымалдауға тыйым салды.
- 1 - 31 наурыз – жүк транзиті;
- 1 -15 наурыз – контейнерлерден басқа барлық жүктер;
- 1 – 20 наурыз 2021 жыл жабық вагондардан басқа барлық астық тиелген вагондар жіберіледі.