Қытай мен Қазақстан бірлесіп трансшекарадан өткізілетін малдардың ауруларын зерттейтін болады
Малдың жұқпалы ауруларын анықтаумен және зерттеумен айналысатын қазақ-қытай бірлескен зертханасы Қазақстанда аккредитациядан өтті. Бұл жағдай аталған мекемеге екі ел үшін де қызмет көрсетуге және ғылыми зерттеулер жүргізуге құқық береді.
Аталған зертхананы құру жұмысы 2017 жылы үкіметаралық келісім негізінде басталған болатын. Сондай-ақ Қытай ауыл шаруашылық ғылымдары академиясы, Шыңжаң аграрлық университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасындағы меморандум негізінде басталды. Бұл мекеме Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚазАТУ ғимаратында орналасқан, мұнда мал ауруларын серологиялық және молекулалық-генетикалық диагностикалауға арналған құрал-жабдықтар бар.
Сонымен бірге зертхананың жұмысы BSL-2 қауіпсіздік стандарты негізінде ұйымдастырылған, бұл қоршаған ортаға әсер ететін қауіпті биологиялық агенттердің таралуынан сақтайды.
Аталған зертхананы ашар алдында ҚазАТУ-дың 12 қызметкері Харбин ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтында екі апталық тәжірибеден өтті. Қазіргі уақытта осы екі ғылыми орталықтың ғалымдары бірлескен зерттеулерге дайындалып жатыр.
ҚХР-дың Ғылым және технология министрлігі «Бір белдеу, бір жол» жобасына осы зертхананы қосты, бұл қытай ғалымдарына трансшекаралық Қытай мен Қазақстанда шығуы мүмкін мал ауруларының алдын алу және бақылау әдістерін зерттеу үшін $1 грант ұтып алуға мүмкіндік берді.
Қазақстандық ғалымдар байқау нәтижелері бойынша ҚР АШМ –нан 2021-2023 жылдарға арналған қаржыландыру болады деп күтеді.