03 апреля 2020 Әлем

2020 жылы әлемдік бидай өндірісі рекордттық деңгейге жетуі мүмкін-ФАО

ФАО болжамы бойынша, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы әлемде бидай өндіру  763 млн тонна болады.

Айтылған болжам өткен айдан бері өзгерген жоқ деген хабарлама бар.

Бидай өндіру мөлшері Еуропалық одақта, Украинада және Америка Құрама Штаттарында төмендейді деген болжам бар. Соның салдарынан егіс алқаптары азаяды.

Тақырыпты оқу: Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда

Аталған елдерде бидай өндірісінің төмендеуі керісінше Ресей Федерациясында, сонымен қатар, Үндістан және Пәкістанда артады, бірақ соңғы екі елге зиянкестер мен жауын шашын кері әсер етуі мүмкін.

Айта кетер болсақ,  IGC сарапшыларының болжамы бойынша 2020/21 жылдары ҚР да астық түсімі  18,3 млн тоннаға дейін артады, бұл 2019/20 жылдармен  салыстырғанда 1,8 млн. тоннаға артық.