USDA әлемдік бидай өндірісі мен экспортының болжамын төмендетті
АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі (USDA)2019/2020 жылдарға арналған әлемдік бидай өндірісі мен экспортының болжамын төмендетті. Бұл туралы USDA-ның сәуір айындағы есебінде айтылды.
Айтылған болжамдар бойынша, 2019/20 жылдардағы бидайдың әлемдік өндірісі 764,46 млн т құрайды,бұл наурыз болжамынан 0,03 млн т төмен, ал экспорт — 182,71 млн т, бұл алдыңғы болжамнан 0,91 млн т аз. Биылғы 2019/20 жылдардағы қордың көлемі 287,14 млн т., ал наурыз айндағы айтылған болжам 292,78 млн т деңгейінде еді.
«Әлемдік бидай экспортының азаюы Ресейге арналған болжамның 1,5 млн т-ға төмендеуімен байланысты. Ресейдегі өзгерістер ең алдымен жақын арада үкіметтің енгізген экспорттық шектеулерімен байланысты. Ресей тарапынан бәсекелестік төмен болғандықтан, ЕО-ның болжамы бойынша көлем артқан еді, сонымен қатар, экспорт өсімі қарқынды түрде жоғары болғандықтан өсті» — деп жазылды аталған есепте.
Қазақстандағы бидай экспорты туралы болжам бұрынғы айтылған деңгейде қалып отыр, ол - 11,45 млн т және 6 млн т құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің 2020 жыл 2 сәуірдегі № 111 «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы бойынша, ішкі нарықты кейбір өнімдермен қамтамасыз ету үшін экспортқа шектеу қойылған. Атап айтқанда, жұмсақ бидай мен майлы дақылдар, бидай-сұлы ұнының экспорты үшін 2020 жылдың сәуір айына квота мөлшері белгіленді. Аталған мерзімге, яғни 2020 жылдың сәуір айына бидай экспортына 200 мың. т., ал ұн экспортына берілетін квота-70 мың. т. Алайда бидай мөлшеріне қарай және экспортқа алған квота көлемі бойынша есептеледі және ол 30 % құрайды, бидай-60 мың т және ұн экспортына квота-21 мың т құрайды.
Тақырыпты оқу: Ұн өндірушілер қазақстандық ұнға салынған квотаға қарсы