Нидерландская Farm Frites планирует производить картофель фри в Казахстане
Голландиялық Farm Frites компаниясы Қазақстанда француз фри картобын шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Шетелдік инвесторлармен жүргізіліп жатқан келіссөздер туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталған инвестициялық жоба үш компонентті қамтитын француз фри картобын өндіретін интеграцияланған зауыт салуға бағытталған: зауыттың өзін салу, шикізат өсіретін ферма құрылысын салу, сондай-ақ элиталық картоп тұқымдарын әрі қарай импортқа шығару үшін тұқым базасын дамыту», — деп хабарлады СІМ.
Министрлік Қазақстан мен Нидерланд елдерінің құрылысты жүргізетін тараптары жобаның барысын талқылады деп мәлімдеді.
Farm Frites жобасы 140 мың тонна картопты қайта өңдеуді және 70 мың тонна дайын өнім өндіруді көздейді. Зауытта 400 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Аталған инвестициялық жоба Жамбыл облысында жүзеге асырылады.