Жұманғарин қант қызылшасының маржиналдылығы туралы айтып берді
Жетісу облысында қант қызылшасының дақылдарын үш есеге арттыруға ниетті. Бүгінде бұл дақыл өңірдегі ең жоғары маржиналдылардың біріне айналды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Биыл Жетісуда 12,6 мың га қант қызылшасы егілді - бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6 мың га артық. 2026 жылға қарай егіс алқаптарын 15 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 3,6 есе артық.
Жетісудағы көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды. Жаздық дақылдар 432,5 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар - 309,3 мың га, майлы дақылдар - 90,4 мың га, қант қызылшасы – 12,6 мың га егілді. Күзде облыста 2 млн тонна өнім, оның ішінде 550 мың тонна қант қызылшасын (2023 жылы - 370 мың тонна) жинау жоспарлануда.
Аймаққа сапар барысында вице-премьер Серік Жұманғарин қант қызылшасы себілген «Хильниченко и К» коммандиттік серіктестігінің (КТ) өрістерін аралады. КС басқарма төрағасының орынбасары Александр Хильниченко мемлекеттің қолдауының арқасында қызылша саласын іс жүзінде қайта жаңғыртуға қол жеткізілгенін айтты.
«Өткен жылы облыс бойынша орташа өнім гектарына 450 центнерді құрады, біздің шаруашылықта гектарына 700 центнерден өнім алынды. Биылғы жылы біздің шаруашылық қант қызылшасының алқаптарын тағы 100 гектарға ұлғайтты. Былтырғыдан кем түспейміз деп отырмыз», – дейді фермер.
Шаруашылық алқаптарында Серік Жұманғарин өңірдің аграрийлерімен кездесіп, оларға қант қызылшасын өндіруді мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.
«Бүгінгі күні қызылша өсіру өте тиімді. Өткен жылы біз қант қызылшасы тұқымын субсидиялау нормативтерін және өңдеуге тапсырылған қызылша көлемі үшін килограмына 15 теңгеден 25 теңгеге дейін арттырдық. Зауыттар сатып алу бағасын 15 теңгеге дейін көтерді. Осылайша, бір тонна қант қызылшасының жалпы құны 40 мың теңгені құрады. Гектарына 500 центнер өнімділікпен фермердің табысы шамамен 2 млн теңгені құрайды. Енді қызылша - ең жоғары табысты дақыл», — деп атап өтті вице-премьер.
Сонымен қатар, фермерлер сояның төмен сатып алу бағасы мәселесін көтерді.
«Биылғы жылы ауыспалы егіске соя көп түседі. 10 жыл бұрын бізден бір кг сояны 180 теңгеден қабылдады, бірақ сол кезде тракторлардың құны 4 млн теңгені құрады. Қазір сатып алу бағасы өзгерген жоқ, ал тракторлардың құны бірнеше есе қымбат. Сояны шетелге қалай жібереміз?», - деп сұрады фермерлердің бірі.
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Қытайға соя экспортының мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.