Қарағанды облысында жерді қазып термос-жылыжай салуда
Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында энергияны үнемдейтін жылыжай-термос салынуда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған жылыжайдың ерекшелігі -топырақ қазылып 2,5 метр төмен жер астына салынған. Сонымен қатар, жылыжайды тереңірек орналастырған сайын, ондағы температура жыл бойына тұрақты болады: қыста суық болмайды, жазда ыстық болмайды. Сондықтан да бұл орын- термос -жылыжай деп аталады.
«Жезқазған облысының шөлді аймағындағы климаттың өзгеруіне бейімделуге ықпал ететін агро технологияны ілгерілету» жобасы бойынша жасыл технология саласының сарапшысы Андрей Матвеев жылыжай құрылысын салуда кеңес беріп қолдау көрсетті.
«Жылыжай пиролиз қазандығымен қосымша жылытылатын болады. Бұл технология зиянды заттардың атмосфераға шығуын азайтады және отынды көп жұмсамайды. Жылыжайдағы жүйектер көлденеңінен өсімдіктердің өсуіне қолайлы етіп жасалған», - деді Андрей Матвеев.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-да көкөністер мен жемістерді күнсіз және топырақсыз өсіру технологиясы жасалуда
Бұл бірегей жылыжайда шымтезек, гидрогель және вермикулиттің көмегімен топырақтың арнайы құрамы жасалған. Бұл өндірісті экологиялық тұрғыда таза етеді және жұмсалатын судың мөлшерін азайтады. Тамшылатып суару жүйесімен бірге бұл суды 50% -ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге егін көлемі 20-30% -ға артады.
Сонымен қатар, жылыжайда өзінің верми фермасы жасалған. Калифорниялық құрттардың көмегімен қалдықтар органикалық тыңайтқышқа - биогумусқа айналады.
Сәтбаев қаласында әдеттегі еліміздегі көкөністер мен Қазақстан үшін экзотикалық банандарды өсіру жоспарлануда.
«Біз қияр, қызанақ және құлпынайдан бастаймыз, болашақта банан өсіретін боламыз», - деді кәсіпкер Төлеш Омаров.
Жылыжайда көшеттерді өсіру басталды. Жуырда Жезқазған аймағы жергілікті органикалық тағаммен қамтамасыз етіледі.
Жобаны Қазақстандағы БҰҰДБ арқылы жүзеге асыратын Жаһандық экологиялық қордың шағын гранттар бағдарламасының қаржылық қолдауымен «ЭкоОбраз» ҮЕҰ ұйымдастырып жасауда.