ҚР-да екпе бақтардың көлемі мүлдем кеңеймеуде
Қазіргі таңда Қазақстанда жүзімдіктер мен бақтарды қалпына келтіру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мемлекет көпжылдық бақтарды қайта жаңартып, қалпына келтіру және жеміс ағаштарын отырғызу шығындарының бір бөлігін субсидиялайды, алайда осындай қолдауға қарамастан аймақтардағы бау-бақша мен жүзім алқаптары іс жүзінде артып жатқан жоқ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті аймақтардағы жердің жай-күйі мен пайдаланылуы туралы 2020 жылға арналған есебінде хабарланды.
2020 жылғы 1 қарашадағы жер балансы жайлы деректер бойынша Қазақстан Республикасында 147,6 мың га көпжылдық екпе ағаштар бар, оның ішінде бақтардың саны - 99,6 мың га, жүзім алқаптары - 15,9 мың га және басқа да екпе ағаштар - 32,1 мың га.
Өткен жылы республика бойынша көпжылдық екпелердің ауданы 0,7 мың гектарға ұлғайды. Бұл мәліметтер жерді трансформациялау нәтижесінде тіркелді. Өткен жылы Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында көпжылдық екпе ағаштар алқабы 0,5 мың гектарға, Түркістан облысында 0,3 мың гектарға ұлғайды. Сонымен қатар, Жамбыл облысында екпе алқаптардың алаңы 0,2 мың гектарға және Нұр-Сұлтанда 0,3 мың гектарға азайды.
Тақырыпқа байланысты оқу: Нұрлан Құралов: Ұлт денсаулығы фермерлерге байланысты
Комитеттің мәліметтері бойынша, көпжылдық екпелердің басым көпшілік аймақтары ауылшаруашылық жерлерінде орналасқан - 62,4 мың га, елді мекендер - 67,2 мың га және резервтік жерлер - 16,1 мың га.
1991 - 2020 жылдарға арналған аймақтар бойынша көпжылдық екпе ағаштар алқаптарының динамикасы
Облыс |
2000 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
Өзгеріс (+,-) |
|
2020 ж. 2000 ж. |
2020 ж. 2019ж. |
||||
Ақмола |
5,4 |
6,8 |
6,8 |
+1,4 |
- |
Ақтөбе |
1,7 |
1,6 |
1,6 |
-0,1 |
- |
Алматы |
34,9 |
29,8 |
30,3 |
-4,6 |
+0,5 |
Атырау |
0,7 |
0,8 |
0,8 |
+0,1 |
- |
Шығыс Қазақстан |
5,8 |
5,8 |
5,8 |
- |
- |
Жамбыл |
9,2 |
7,3 |
7,1 |
-2,1 |
-0,2 |
Батыс Қазақстан |
2,8 |
2,7 |
2,7 |
-0,1 |
- |
Қарағанды |
5,5 |
2,3 |
2,3 |
-3,2 |
- |
Қызылорда |
2,9 |
2,4 |
2,4 |
-0,5 |
- |
Қостанай |
11,4 |
11,2 |
11,2 |
-0,2 |
- |
Маңғыстау |
0,6 |
0,5 |
0,5 |
-0,1 |
- |
Павлодар |
3,1 |
3,1 |
3,1 |
- |
- |
Солтүстік -Қазақстан |
6,4 |
5,0 |
5,5 |
-0,9 |
+0,5 |
Туүркістан |
39,6 |
38,1 |
38,4 |
-1,2 |
+0,3 |
Шымкент |
- |
22,8 |
22,8 |
|
- |
Алматы |
4,8 |
0,6 |
0,6 |
-0,4 |
- |
Нұр-Сұлтан |
1,0 |
6,1 |
5,8 |
+5,8 |
-0,3 |
Барлығы |
135,8 |
146,9 |
147,7 |
+11,9 |
+0,8 |