Göknur Gıda компаниясы Қазақстанда жеміс-жидек өндіру мен өңдеуге $92 млн инвестиция салады
Göknur Gıda түрік компаниясы Жамбыл облысында 5 мың гектардан астам алқапта жеміс бақтарын отырғызуды және жемістер мен көкөністерді қайта өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр. Аталған корпорация директоры Осман Асланәлі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен жобаның іске асырылу барысын талқылады, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.
Осман Асланәлі айтқандай, жоба бес жыл ішінде бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылады. Инвесторлар облыста өндірілген өнімді ішкі нарыққа және шетелге сатуды жоспарлап отыр. Жобаның құны $ 92 млн.Бұл жоба аясында жергілікті тұрғындардан 1000 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
«Біздің компания жемістер мен көкөністерді өндіруге және өңдеуге бағытталған. Ол үшін шикізат базасын дамыту және жергілікті фермерлерді оқыту үшін заманауи агротехнологияларды қолдана отырып, бау-бақша отырғызудан бастап интеграцияланған модель жасағымыз келеді», - деп ойын білдірді инвестор.
Тақырыпқа байланысты оқу: Ауышаруашылығы министрлігі алдағы 3 жылда алма өсірушілерге мемлекеттік қолдауды күшейтеді
Түрік компаниясына жақсы өнім жинау үшін жеміс бақтарын өсіруге қолайлы жерлер ұсынылды. Бұл үшін Жамбылда -2,5 мың га, Т.Рысқұловта- 470 га, Жуалыда- 5 мың га және Сарысу облыстарында -1200 га. алқап беріледі. Шетелдік агрономдар топырақтың жарамдылығын тексереді.
«Компаниямыз негізінен азық-түлік өндірісімен айналысады. Біздің нарыққа көбінесе Пәкістан, Ауғанстан, Түркиядан өнімдер әкелінеді, яғни жергілікті көкөністер мен жемістер өте аз. Бұл жағдай олардың құнына әсер етеді. Бізге қарқынды түрде өсіретін бақтардың аумағын кеңейту керек. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетіп, инвестициялық субсидиялар беріліп, жеңілдетілген несиелер бөлінуде. Жамбыл облысының ауылшаруашылық әлеуеті жоғары. Аймақтың ауылшаруашылығы заманауи технологиялардың қолдауымен алға қарай үлкен қадамдар жасай алады. Өңірдегі негізгі проблемалардың бірі - ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің дамымағандығы. Ауыл шаруашылығы жергілікті экономиканың драйверіне айналуы үшін біз бар күшті салып, жер беруге және инфрақұрылым салуға көмектесеміз», - деді Бердібек Сапарбаев.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аймақ басшысы жауапты ведомстволарға бюрократиялық процедуралардан аулақ болып, түрік инвесторлары ұсынған жобаны іске асыруды тез арада бастауды тапсырды.
Бүгінгі күні Жамбыл облысында алма бағының ауданы 1623 га құрайды, оның 1445 га интенсивті алма бағы. Қарқынды шие бақтары 100 гектар жерді алып жатыр.