Қазақстанда картоп өсіру тәсілі бойынша тәжірибе жасалады
Қазақстанда голландиялық Solynta компаниясы өндірген картоп тұқымы егілетін болады. Бұл туралы Facebook-бетінде Қазақстан картоп және көкөніс өсірушілер одағының Басқарма төрағасы Қайрат Бисетаев хабарлады.
Өткен аптада Нидерландының танымал агроөнеркәсіптік компаниялары басшыларының Қазақстанға сапары барысында 100 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қойылды. Сол құжаттарға сәйкес картоп және көкөніс өсірушілер одағы мен Solynta ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
«Solynta әлемде (менің білуімше) картопты түйнекпен емес, тұқым арқылы себумен айналысатын жалғыз компания. Өткен ғасырда көптеген ғалымдар бұл әдісті қолдануға тырысты, бірақ ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмады», - деп жазды Қайрат Бисетаев.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы тұқым жеткізумен айналысатын ТОП-50 компания
Сонымен қатар, ол түйнектерді сақтаудың қиындықтары бар екенін атап өтті: түйнектерді сақтайтын қоймада ауа температурасы +1-+4 аралықта болуы керек, әр гектарға 3 тоннадай өнім қажет, сондай-ақ түйнектер вирустық, бактериялық және зең ауруларына шалдығуға бейім. Оларды отырғызар кезде тағы да сұрыптау керек.
«Ал қазіргі кезде голландиялықтар жылдар бойы қиын болған мәселелерді шеше алды, олар картопты тұқыммен отырғызуға қол жеткізді. Бұл тұқымдар сәбіз тұқымы сияқты майда, оларды арнайы орында сақтаудың қажеті жоқ, ал 1 гектарға себетін мөлшері 1 литрлік пластикалық бөтелкеге сиып кетеді. Бүгін біз осы тұқымның аз ғана мөлшерін қолымызға алдық, бұл біз үшін өте маңызды сәт», - деп хабарлады Қайрат Бисетаев.
Оның айтуынша, бұл ғажайып картоп тұқымы қазақстан егістерінде сынақтан өтетін болады.