Сервистік компания комбайндардың жұмысын жақсарту туралы өз ұсыныстарын айтты

CT AGRO - Қазақстандағы CLAAS ресми дилерінің қызмет көрсететін компаниясы. Олар  жем-шөп жинау маусымы басталар алдында JAGUAR комбайнын пайдалану туралы  ұсыныстарын айтты. Айтылған талаптар техниканың 100% дұрыс жұмыс істеуін және өнімділігін қамтамасыз етеді.

CT AGRO-да айтылғандай, бүгінде сүрлем жем немесе шөп шабуға арналған Қазақстан Республикасының егістік алқаптарында қолданылатын машиналардың көбі әлемдегі жетекші ауылшаруашылық техникаларын өндірушілердің бірі - CLAAS шығарған JAGUAR атты қуатты комбайндар болып табылады. Олардың тиімділігін арттыру үшін компания келесідей ережелерді сақтауға кеңес береді.

1. Жұмысты бастамас бұрын машинаны тексеру керек және оны қатаң сақтау қажет. Басты назар аудару керек талаптар: қозғалтқыштағы майдың деңгейі, редукторлар, жетек белдіктерінің кернеу күші, егін оратын пышақтардың жүзі, кескіш барабан, сырғанауға қарсы штангалар, тегістеуіш, тегістеу аппараттарының төменгі жағы, пышақтар мен штангалар арасындағы алшақтықты тексеру. Жемшөп жинайтын комбайн – бұл көп компонентті  құрылғы, егер бір бөлшегі дұрыс болмаса, онда басқа агрегаттардың дұрыс жұмыс істемеуіне әкелетін күрделі жүйе. Егер сіз CORNCRECKER-ді жұмыс істеуде  пайдаланғыңыз келсе, оны алдын ала тексеріп, негізгі параметрлерді қарап көруіңіз керек. Сондай-ақ, «лақтыратын құрылғының» жұмысына назар аударыңыз.

2. Комбайнмен жинайтын дақылға қарай барлық параметрлерін тексеріңіз. Атап айтқанда қондырғылар мен жинайтын құрылғыларға назар аудару қажет. Бір дақыл жинаудан екіншісін жинауға ауысу кезінде жинайтын жемнің түріне қарай  өзгерту керек. Мысалы: шабындыққа арналған жоңышқа шабу, сүрлем үшін жүгері, астық қоспасына арналған жарма т.б.

3. Комбайндағы астық жинайтын құралдардың және тартқыштардың  биіктігіне назар аударыңыз. Дәнді орудағы максималды кесу немесе жаппай жинауды қамтамасыз ету мен жердің бетіне жету, инелерін минималды түрде орналастыру арасындағы дұрыс тепе-теңдікті сақтау қажет. Егер топырақ бөлшектерге түссе, жем сапасына әсер етіп, құрамын бүлдіреді, сонымен қатар оның абразивті қасиеттеріне байланысты, әсіресе құмды топырақ кесу аппараттарының тез тозып, шіруіне әкеледі.

4. Машинаның жүктеме индикаторын қараңыз. CEBIS терминалының мониторы комбайн жұмыс істеп тұрған кезде әрқашан жасыл болып, JAGUAR тиеуінің арнайы жолағын көрсетеді. Бұл артық жұмысты қажет етпейді. Тек режимді бақылап отыруға болады және машинисттің жұмысын жеңілдетеді.

5. Комбайнды пайдалану туралы нұсқаулықты орындаңыз. Техниканы ұдайы тазалау қажет, ORBIS префиксімен әрбір 500 тонна егін жиналған соң пышақты қайрау керек (пышақтарды  көбінесе егін жинау кезінде жиі қайрайды), сырғанауға қарсы жасалған құрылғы мен тегістеу барабанының арасын дұрыс қою керек, дұрыс тұрмаса отын көп жұмсалады, өнімділіктің төмендеуіне және жабдықтың тез тозуына әкеледі.

6. Жинайтын дәннің түріне қарай астық оратын құралдарды таңдаңыз. Өсімдік массасының жиналу ағымына қарай қозғалтқышқа шамадан тыс ауырлық түспеуі керек. Керісінше,  бостан босқа жұмыс істемеуі үшін,  «тоқтап қалмауы үшін»  техниканың жұмыс жылдамдығы дұрыс болуы керек.

7. Логистика  дұрыс болу керек. Бүкіл егін маусымындағы нәтижелер бойынша JAGUAR жемшөп жинайтын комбайнының өнімділігінің төмен болуының негізгі себептерінің бірі - CT AGRO қызметінің мәліметтері бойынша,  70%  жағдайда  логистиканың нашар ұйымдастырылуы болып табылады. Яғни көлікті күтуге байланысты 15-20 минут тоқтап тұрған комбайнның жұмыс өнімділігі үштен бір бөлікке азайады.

8. Комбайнды қыста тұратын кезге дұрыс дайындаңыз. Машинаны қоқыс пен барлық кірден  мұқият тазарту керек, майлау картасында көрсетілгендей барлық бөлшектерді майлау керек, консервантты ағызып, консервант желілерін үрлеу керек. Цилиндр өзектерін де майлаңыз. Осыдан кейін аккумуляторды  сақтап қою үшін шығарылады, ауа сүзгісі және шығару желісі жабылады. Ең дұрысы жұмыс істемейтін кезде комбайнның дөңгелегіндегі қысымды 0,5 атмосфераға дейін түсірген дұрыс. Егер комбайн ашық жерде тұратын болса, онда шиналарды күн сәулесінің әсерінен қорғау үшін бояу керек.

CT AGRO компаниясы 2000 жылы құрылған сәттен бастап, Қазақстанда ауылшаруашылық техникаларын сату мен қызмет көрсету бойынша табысты жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын болып табылады. 2014 жылдан бастап CT AGRO Нидерландыдағы Корольдік Реезинк тобының құрамына кіреді. CT AGRO-ның Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын 13 филиалы бар және CLAAS, HORSCH, Valley және басқа да жоғары сапалы жабдықтарды сатып алу және қызмет көрсету мәселелерімен айналысады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.