Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанда ауыл шаруашылық техникасы бөлшектерінің бағасы күрт қымбаттады
Сапалы (қымбат тұратын) импорттық техникалардың қосалқы бөлшектерін сатып алу жыл сайын қымбаттауда. Бұл Қазақстанның тұрақты түрде дамып келе жатқан шаруашылықтары үшін оңай болмай тұр.
Көшбасшылардың шығындары
«Найдоровское» ЖШС кәсіпорны Қарағанды облысында жұмыс істейді және Қазақстанның алдыңғы қатарлы агроқұрылымдарының бірі болып табылады. 2018 жылы ол ҚР АШМ-нан «Цифрландыру көшбасшысы» атағын алды. Аталған шаруашылық ғылым мен технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалануда. Олардың комбайндары мен тракторлары GPS-навигаторлар арқылы егістіктің электрондық карталарына сәйкес қозғалады. Ал егіс алқаптарын дрон арқылы қадағалайды.
Аталған ұйым «заманауи» техникаларды пайдаланады. Осы құылғылар арқылы аз ғана уақыттың ішінде егін сеуіп, оны бақылап отыр. Шаруашылықтың жер көлемі 20 мың гектардан асады.
Бірақ бұл кәсіпорынның да өзіндік шығындары да жеткілікті.
- Соңғы үш аптада, теңге бағамы түсіп, карантин жарияланғалы ауыл шаруашылық техникасы бөлшектерінің бағасы 30%-ға қымбаттады, деді «Найдоровского» компаниясының директоры Павел Лущак. Аталған техникаларды сатушы дилерден мұның себебін сұрадық. Оның айтуынша, ұлттық валюта бағамына және коронавирус жағдайындағы логистикалық шығындардың өсуіне байланысты болып жатыр екен. Бұл дилердің айтқан түсініктемесі негізсіз дейді кәсіпорын басшысы. Біріншіден, теңге мен евро бағамы 11-13%-ға төмендеген, екіншіден, тауарды жеткізу барысында ешқандай қиындықтар жоқ. Біз шетелден тұқым сатып аламыз және сұраныстың аз болуынан тасымалдау тіптен арзан болып тұр.
Оның айтуынша, дилерлер бағаны еш түсірер емес, ал аграршылар техника қымбаттаса да 10-ға көтерілсе де болар еді деген пікір айтуда.
Тақырыпты оқу: Қазақстанда құрғақшылық болмайды деген болжам бар
Үш есеге қымбат
Фермерлер көрші Ресейдегі жағдайды сараптаған - онда ешқандайда бағаның өсуі жоқ, оларда да рубль бағамы түсті. Мәселе неде? РФ-да дилерлік сату желісі өте жақсы дамыған, әр аймақта бір-екіден өз сатушылары бар. Олардың арасында бәсекелестік те бар, себебі аграршылар қажет болған жағдайда, техника ұнамаса, 100-200 км жүріп, басқа фирмаға барып та керекті техникасын сатып ала алады.
-Бізде ұлан ғайыр 22 млн егістік жер бар, соған шетелдік техниканың әр маркасын бір дилер ғана сатады, деді Павел Лущак. –Яғни біздің нарықты монополия жайлаған. Бұл жағдай фермерлер үшін қиын және зиянын тигізуде. Сонымен қатар, тағы бір проблема бар –егін егу жұмыстары басталған сәтте сатушыларда бізге қажетті құрлдар мен бөлшектер «табылмай» қалады. Ал бұл кезеңде біз үшін әрбір күн маңызды, олар әуе тасымалдауы арқылы тапсырыс беруді айтады, оның бағасы үш есе қымбат. Бұл жағдай жыл сайын осылайша қайталанып отырады, яғни бізді «сатып алуға мәжбүрлеп» отыр деп есептейді.
Тақырыпты оқу: Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда
Демек, бұл жағдайдан шығатын қорытынды Қазақстан фермерлері экономикасы реттелетін, ал техника мен қосалқы бөлшектерді жеткізіп, сатушылар басқа нарықта жұмыс естейтін болып тұр ғой. Бұл мәселе карантинге байланысты экспортқа шектеулер енгізілген кезде байқалуда. Осыған байланысты диірмендер тарапынан бидайға сұраныс төмендеді және жұмсақ бидай бағасы әр тоннадан 10 мың теңгеге, қатты бидай 20 мың теңгеге төмендеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының көптеген өнімдеріне белгілі бір шекті баға белгіленді, ал мұндай жағдайда фермерлерде ешқандай да табыс болмайтындығы түсінікті. Ал дилерлер елде еркін жұмыс істеуде, себебі олардың тауарларына деген сұраныс бар, яғни бизнестерін дамыту үшін олар өз беттерімен бағаны көтеріп, барынша табыс таба алады.
Қазіргі елдегі жағдайда біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз ол- азық - түліктің бағасын тұрақты етіп ұстау және адамдарды жұмыстан босатпау, - деп сөзін қорытындылады Павел Лущак. – Бірақ сөз соңында айтарымыз, неге біреулер осындай қиын жағдайды пайдаланып басынып, пайда түсіруі керек? Біз осы жағдайға байланысты биліктің қандай да бір шара қолдануын сұраймыз. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы деген сөз осыдан қалған- ау деп ойлаймыз. Мәселені бірге шешу үшін біздің ауыл шаруашылық одақтары мен қауымдастықтарын бірлесуге шақырамыз.
Сергей Буянов